"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

14 Қыркүйек 2016

«Молодежь – движущая сила и активное звено общества» қала Әкімінің белсенді жастармен кездесуі


13 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада Жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен Балқаш қаласының Әкімі А.М.Аглиулиннің белсенді жастармен «Молодежь – движущая сила и активное звено общества» атты кездесу өткізілді.

Қала жастарын саясатқа қатысты, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, Балқаш қаласының көркеюі және 80 жылдық мерейтойы жайлы сұрақтар толғандырды.

С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлерінің сұранысы бойынша Балқаш қаласының тумалары, ОКЖ кітапханаларының оқырмандары болған жастардың дайындауымен қатысушылардың назарына бейнероликтер көрсетілді.   Қазіргі уақытта олар басқа қалаларда білім алуда, басқа елдерге тұрақты өмір сүруге көшкен болатын. Өз бейнероликтерінде Жанпейісов Ерғұлан және Оралбекова Альбина, Астана қаласының Қазақ ұлттық мәдениет университетінің студенттері, Плаксина Камила, Мурманск қаласының арктикалық мемлекеттік университетінің студенті, өздері туралы, Отанына деген сүйіспеншілігін, олардың өмірлерінде кітапхана мен оқудың алатын орны туралы баяндап, келе жатқан қаланың 80-жылдық мерейтойымен құттықтады.

Кітапханада кездесуге арналған «Жастар әлемі – Планета молодых» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика