"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

14 Қыркүйек 2016

«Туған тілде - әнім менен сәнім бар» ІС-ШАРА


10 қыркүйек күні №4 кітапхана-филиалында «Туған тілде - әнім менен сәнім бар» атты кеш өтті. Қонаққа тіл жанашыры, өңіріміздің танымал өлкетанушысы, зиялы қауымның белді тұлғаларының бірі, жерлесіміз, мәдениет саласының қайраткері К.Ы.Сардарбекова шақырылып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үш тілді меңгеру саясатын енгізу  - жаһанданған өмірге жолдама, адам өмірінің сәттілік қағидасы  туралы айтты.

Шақырылған «Живая память» ансамблі, мәдени-сауық орталығының қызметкерлері, «Балқаш сазы» хоры, Балқаш гуманитарлы-техникалық және медициналық колледж студенттері, БАҚ өкілдері ісшараға белсене қатысты.

Ісшара барысында патриоттық әндер орындалып, тіл туралы өлеңдерден үзінділер оқылып, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика