14 Қыркүйек 2016
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
10 қыркүйек күні Отбасы күніне орай №1 кітапхана-филиалында “Бәрінің бастауы – туған үй” атты мерекелік ісшара өткізілді. Мерекеге қатысқан ата-аналар мен балалар жанұяның қоғамдағы орны мен рөлін айтып, тәрбие туралы көкейтесті мәселелерін талқылады. “Есіңде ме сол кітап?” айдарында отбасы мүшелері оқыған сүйікті кітаптары туралы жарыса мазмұндады.