"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

26 Тамыз 2016

«Ядролық қарусыз – болашаққа» тарихи сағат


Қазақстанның зымырандық-ядролық арсеналы ауқымы жөнінен әлемдегі төртінші болса да, бейбітшілікті жоғары қойған Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, әлемнің назарына ілікті. Биыл Семей полигонының  жабылуына 25 жыл толып отыр. Осы елеулі оқиғаға байланысты №3 кітапхана-филиалында «Ядролық қарусыз – болашаққа»  тақырыбында  тарихи сағаты өтті. Бұл маңызды шараны өткізу барысында кітапханашы оқырмандарға Семей полигоны зардабы туралы, «Семей-Невада» қозғалысының бастау алуындағы қазіргі  Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменовтің еңбегіне жан-жақты талдау жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл шешімі қазіргі кезде бүкіл әлемге үлгі-өнеге болып, бейбітшілік сүйгіш әлем жұртшылығы бұл бастаманы ядролық қарумен қаруланған кейбір мемлекеттердің бұдан бас тартуын талап етіп отырғандығы мәлім. Оқырмандарға «Семей полигоны» атты  бейнефильм көрсетіліп, ядролық полигонның зардабы сол өңірде өмір сүрген қазақ жұртшылығының ұмытылмас қайғы-қасіреті екені айтылды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика