26 Тамыз 2016
2016 жылдың 26 тамыз күні №5 балалар кітапхана-филиалында "Жыр аққуы" атанған қазақтың белгілі ақын қызы Марфуға Айтқожинаның 80 жылдық мерейтойына арналған «Тербейін, тәуелсіздік тал бесігін» атты поэзия сағаты болып өтті. Шара барысында Марфуға Айтхожинаның өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беріліп, қатысушы балалар ақынның «Әке жұрты», «Қоштасу», «Қабір басында», «Сайрамға деген сағыныш» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар Марфуға Айтхожинаның сұхбаттары, шығармашылық кештері жайлы бейнероликтер көрсетілді.