25 Тамыз 2016
Азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада 2016 жылдың 25 тамызы күні «Елдіктің асыл тірегі –Ата заң» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Аталмыш ісшарамызға медициналық колледждің тарих пәнінің оқытушысы Ж.А.Жорабаева, Балқаш қаласының медиаторы А.Р.Шакиров, АК-159/21 мекемесінен сотталушыларды жұмыспен қамтамассыз ету бөлімінің аға инспекторы С.А.Керибаева, Балқаш қаласының ішкі істер бөлімінің ювиналдық полиция тобының аға инспекторы А.М.Сыздықов, Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің заңгері А.Е.Билялова қатысып, Ата заңымыздың тарихын және өз салалары бойынша қолданылуы жайлы толық мағлұмат берді. Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматының өмір сүруіне, білім алып, еңбектенуіне барлық жағдайлар жасалған, бұған Конституция кепіл бола алатындығын нақты түсіндірді.
Ісшарамызға келген оқырмандарымыз бен жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, құқықтық білімдерін арттырды.
«Конституция еліміздің тұрақтылығы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, жастарымыз Конституция күніне арнаған өз өлеңдерін оқыды. Соңында «Туған жер» әні орындалып, қонақтарымызға кітапхана атынан естелікке кітаптар сыйға тартылды.