"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Мұхамедияр Елжетті Құсайынұлы

Просмотров: 1703

     Мұхамедияр Елжетті Құсайынұлы 1936 жылы 7 кыркүйекте Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген.Елжетті Құсайынұлы орта мектепті Ақтоғай ауданында бітіріп, 1955 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түседі. 1961 жылы оқуын ойдағыдай бітірген соң, еңбек жолын Ақтоғай ауданында емдеу дәрігері болып бастады.

Осы ауданда санитарлық- эпидемиялогиялық станция ұйымдастырып, 10 жыл сол станцияның бас дәрігері болып істеді. 1973 жылдың шілде айынан бастап жаңа құрылған Жезқазған облыстық санэпидстанциясы бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды. Осы жылдың қыркүйек айында жолдамамен Балқаш қаласы санэпидстанциясын басқаруға жіберілді.

Балқаштың санитарлық-эпидемиологиялық станциясында бас санитарлық дәрігер болып жүрген кезінде,Е.Мұхамедияр өзін талапты ұйымдастырушы, алғыр басшы ретінде көрсете білді.

Елжетті Құсайынұлы 1981-85 жылдар аралығында Балқаш қаласы денсаулық сактау бөлімін басқарды.

Ал 1985-98 жылдары аймақтық СЭС-тің бас дәрігері болып, 1998 жылы құрметті демалысқа шықты.

2 рет Жезқазған облыстық мәслихатының депутаты, 4 мәрте калалық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

1976 жылы еңбегі бағаланып “Бүкілодақтық денсаулық сақтау ісінің үздігі” белгісімен, 1991 жылы Қазақстан Жоғарғы кеңесінің мақтау грамотасымен марапатталған.

2002 жылы 20 қарашада Е.Мұхамедиярға Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Төкейбекова, А. Халыққа қамқорлық – басты мүддеміз /А.Төкейбекова // Балқаш өңірі. – 1994. – 16 сәуір. – (№31).

2. Драчева, Е. Күнде естігеннен бір көрген ләзім /Е.Драчева // Балқаш өңірі. – 2001. – 8 тамыз. – (№62).

3. Жүнісұлы, О. Қыстың ұзақ таңы атты /О.Жүнісұлы.-Қарағанды: «Қарағанды Полиграфиясы» АҚ, 2002. – 38-42 б.

4. Жүнісұлы, О. Мені есіңе ала жүр /О.Жүнісұлы.-Қарағанды: Қарағанды Полиграфиясы АҚ, 2005. – 156-158 б.

5. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2007. – 27-29 б.

6. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-200,203 б.

 


Дата редактирования: 18 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика