"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кәсіби мерзімді басылым

Кәсіби мерзімді басылым

Абай және кітапхана

Гулмира Аязбаева, Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары
Семейдің қоғамдық кітапханасы шығыс классикасынан дәріс алған және орыстың өнер-білімін білген Абайдың мәдени және өнер-білім дәрежесінің өсуіне зор ықпал етті.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №1 2020 11-25 б.



Қорқыт Ата кітабы – адамзаттың мәдени құндылығы

Тұтас түркі дүниесіне ортақ Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енді. Оқырман назарына Қазақ ұлттық өнер университетінің Қоркыт Ата ғылыми зерттеу институты дайындаған «Қорқыт ата Кітабы» және қазақ, түрк тілінде шыққан Ә.Қазақбаевтың «Қоркыт Ата аңыздары мен күйлері» кітабымен танысуды ұсынамыз. Осы шыққан кітаптар арқылы Қорқыт Ата мұралары ғылыми айналымға түciп отыр.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №1 2020 26-29 б.

 



Әбу Насыр және Абай

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері

Биылғы жыл қазақ халқы үшін екі бірдей ұлы ғұламаның айтулы тойы тойланатыны, тағы да еңсе тіктеп, арғы-бергімізді түгендеп, ой толықтыра түсетін жыл ретінде аталып өтері көңіл қуантады.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №1 2020 4-10 б.

 



Абайды ұлықтаған ұлттық кітапхана

Орынбай Ерсұлтан Нысанбекұлы, ҚР Ұлттык, кітапханасы ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметінің кітапханашысы, Алматы қ.

Ұлы Абайдың өмipi мен асыл мұрасын насихаттау Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына орай өткен жылы жаңаша сипат алды. Мемлекет басшысының тікелей өзі қатысып, елімізде ғана емес, шетелде де қолдау тапқан ақын өлеңдерін оқу акциясына алғашқы күннен бастап Ұлттық кітапхана да белсене атсалысып келеді. Әcipece біздің ұжымның өткен жылдың тамыз айында Афинада өткен Дуниежүзілік кітапханалық жене ақпараттық конгресс аясында «Абай - Ұлы даланың ақыны» атты әдеби кеш ұйымдастырғанын атап айтар едік.

Подробнее – в журнале «Кітап. Кітапхана» №1 2020 с.63-64

 



Рухани қазына шырақшылары

Бектурбекова Фатима Құралбекқызы, ҚР Ұлттық кітапханасы сирек кimanmap мен қолжазбалар қызметінің  топ жетекшісі, Алматы қ.

Kiтапхана ғасырдан - ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей келе жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы. Қacиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап,  насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар - абыройлы мамандық иелері. Kiтапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Құжаттарды электрондық  каталогтарға енгізу, кітапхана пайдаланушыларына ақпараттар беру, іздеу жолдарын білетін кітапханашы мамандар жоғары ақпараттық біліммен қаруланған, өз ісінің шеберлері, әмбебап мамандар. Kiтапхана - мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты болса, кітапханашы рухани қазынаның шырақшысы, ақыл-ой әлеміне жол cілтеушісі.

Подробнее – в журнале «Кітап. Кітапхана» №1 2020 с.58-62

 



беттер: 5678910111213
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика