"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кәсіби мерзімді басылым

Кәсіби мерзімді басылым

АБАЙ мен MҰXTAP түркі әлемінің төрінде

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Халықаралық Түркі Академиясының арнайы жобасының аясында ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздері, сондай-ақ заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының екі томы түрік тілінде жарық көpiп, түркиялық оқырмандарға жол тартты.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 16-18 б.

 



Карантин кезіндегі кітапхана

Жанат Жиенбекова, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ» КММ директорының орынбасары

«Ауру айтпай келеді» дейді дана қазақ. Айтса айтқандай, төрткүл әлемді дендеп кеткен «тәжтажал-коронавирус» дертіне таңқалып жүргенде, қазақ жерінде де қылаң берді. Ондай болады деген ойымызға кіріп шықпаған біз төтенше жағдай енгізілгенде абдырап қалғанымыз да анық. Абырой болғанда дер кезінде төтенше жағдай жарияланып, халықты «көрінбейтін кеселден» қорғау қамы - карантин басталды

Толығырақ «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 8-15 б.

 



Кітап оқу рухани кемелденудің көзі

Мемлекет басшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланғаннан кейін көп уақыт өтпей, ұлы Абайдың 175 жылдығына орай басталған челленджді Ләйлім eciмді мектеп оқушысы Президенттің өзіне жолдаған еді. Мемлекет басшысы талапты да талантты оқушы қыздың өтінішін жерге тастамай, ұлы Абайдың өлеңін оқып берді. Ал эстафетаны Мемлекет басшысынан қабылдаған әнші Димаш Құдайбергеннің арқасында челлендж әлемдік сипатқа ие болды. Осылайша, бірнеше айда Абай Құнанбаевтың өлеңдері, әндері мен қара сөздерінен үзінділерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін, министрлер мен әкім-қара да қалыспай, шетелдік танымал тұлғаларға дейін оқыды.

Толығырақ  «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 4-7 б.

 



«Ұлы даланың жеті қыры»

Алмас Берікұлы, журналист

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи- танымдық еңбегінде «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес»,- деп бүкіл түpкi дүниесінің түп қазығы, біздің атамекеніміздi ерекше ардақ тұтады.

Толығырақ «Кітап&Кітапхана» №2 2020 41-43б.

 



Көпшілік кітапханалар онлайн тәртібінде

Маханбетова Гулмира Аблайханқызы, ҚР Ұлттық кітапханасы ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі, Алматы қ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусына байланысты 11 наурызда пандемия жариялады. Соның салдарынан республика көлемінде төтенше жағдай енгізіліп, көпшілік кітапханалар онлайн тәртібінде жұмыс icтeyгe көштi.

Толығырақ «Кітап&Кітапхана» №2 2020 28-34 б.

 



беттер: 34567891011
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика