"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кәсіби мерзімді басылым

Кәсіби мерзімді басылым

Ғақли көзбен қарасаң...

Ықылас Ожайұлы, ақын, публицист

Биыл Tүркі топырағынан шыққан, адамзаттың екінші ұстазы атанған ұлы кемеңгер Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Осыған байланысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фарабидің мерейтойына байланысты: «Білім жене ғылым министрлігі мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін. Үкімет Әбу Насыр ел-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау жене өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспардың жобасын мемлекеттік комиссияның қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін» деп қаулы қабылдаған болатын.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №3 2020 4-7 б.



Адамгершіліктің айнымас жыршысы

Бақытжан  Райысова,  Қ.Р Жазушылар одағының мүшесі, ақын

Жазушы Дидахмет Әшімханұлының қаламынан туған әр туынды – адам түгілі Алланың өзі бас иетін асқақ адамгершілік жүгін арқалап тұрады. Бұл - хас жазушының iсі. «Халықтың көзі, кұлағы hәм тілі», тіпті жүpeгi боп та саналатын дара қаламгер көркем сөздің нөсерін құр боратпай, ізгіліктен нұр таратуы шарт. Туындыгер жасаған кейіпкердің өн бойында оның ең алдымен өзінің «бауырым» деген болмысы, «жарығым» деген жаны өмip cүpyi абзал. Дидахмет прозасында осының eкeyi де бар.

 

Толығырақ «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 86-91 б.

 



Рухани мұра: фольклортанушы О.Hұрмағамбетованың жеке кітапханасы

Мейрамкүл Ермағанова, Л.Н. Гумилев атындалы ЕҰУ Ғылыми кітапхана қызметкері

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Ғылыми кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы Қазақстанның көрнекті ғалымдарының жеке мемориалдық кітапханаларының қоғамдағы алар орны ерекше. Осындай коллекциялық құнды қорлардың бipi - профессор, фольклортанушы ғалым Оразгүл Әмірәліқызы Нұрмағамбетованың жеке кітапхана қорын ғалымның  кіші қызы Сәуле Садыққызы Нұрмағамбетова кітапханаға тарту eтті.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 48-56 б.

 



Балалар әдебиетіне көңіл бөлмей болмайды

Hұртөре Жүсіп, Сенатор

Қазақ халқы өз елiнiң шапшаң дамып келе жатқанын ана тілінің даму деңгейінен көргісі келеді. Әрине, бұл салада жеткен межемізге көңіл бірде толады, бірде толмайды. Елбасы мемлекеттік тілдің өткені мен бүгінгісін ескере отырып, тілдің даму стратегиясының iргетасын қалап берді, әлбетте, стратегия үш тұғырға қонуы шарт. Олар: басқару, ұйымдастыру, ақпарат.

Толығырақ  «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 29-33 б.

 



АБАЙ мұрасын насихаттаудағы Ғылыми кітапхананың pолі

Перизат  Нұралиева, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Ғылыми кітапханасының директоры

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапхана қызметкерлері үлкен ceрпіліспен қарсы алды. Мақалада сөз болған Абайдың кемеңлерлігі, данышпандығы, шығармаларындағы ой-пікірлері бізге жаңа межелер айқындап, бағыт-бағдар ұсынды.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 19-28 б.

 



беттер: 2345678910
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика