"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кәсіби мерзімді басылым

Кәсіби мерзімді басылым

Кітапханалар жаңа қоғамға ауадай қажет

Кітапханалар жаңа қоғамға ауадай қажет

Эрик Клиненберг, Америкалық әлеуметтанушы;
Аударған: Қанапия Шолпан Заманбек-Дүрияқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің  «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қызметкері
    Америкалық әлеуметтанушы Эрик Клиненберг «Адамдарға арналған сарайлар» (Palaces for the People) атты кітабында жаңа өмірде маңыздылығы артып келе жатқан кітапхана тақырыбына айрықша тоқталған. Қоғамдағы теңсіздік, нәсілге бөлінушілік және түрлi мәдени ақпараттар (бэкграунд) сияқты мәселелерді зерделей келе, демократиялық қоғам жалпы құн- дылықтармен ғана емес, сонымен 6ipre ортақ кеністіктер болып саналатын «болашақтың әлеуметтік инфрақұрылымының» маңызды бip
бөлігі - бұқаралык, кітапханалармен де негізделеді деп пайымдайды әлеуметтанушы.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №4 2020 36-40 б.

 



Өлкетану:цифрлық қызмет дәуірі

Өлкетану:цифрлық қызмет дәуірі

Шекер Сақыбаева, A.C. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Анықтама-библиографиялық бөлімінің қызметкері

Жиырма бірінші ғасыр кітапханалары кітап сақтау және кітап берумен ғана айналысатын дәуірден әлдеқашан алыстап кеткен. Соңғы онжылдықтар аясында еліміздің кітапханалары электронды каталогтар құрып, кітаптарды сандық нұсқаға көшіріп, электронды кітапханалар құруда.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №4 2020 30-35 б.



Шеберлік шыңына шеру тартқан кітапхана

Гаухар Әддіғұлова, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ғылыми кітапханасының директоры

Әр ұлттың ұлылығы мен кемелденуі оның мәдениетінің деңгейіне байланысты. Ал, мәдени байлықтардың дәстурлі сақталатын орны қай уақыттарда болмасын кітапхана болып саналады. Сол кітапханалардың бipi - жоғары оқу орны кітапханалары. Кітапхананың міндеті қоғам сұранысына сай білікті маман даярлауға белсене араласу, студенттер мен университеттің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық icтерінe белсене қатысатын бірден-бір мекеме болып табылады.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №3 2020 52-57

 



Виртуалды әлем

Светлана Ратманова, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ РҒПК ғылыми қызметкері

Мәлім болғандай, XXI ғасыр жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды өсуінe, қолданылуы мен кеңінен таралуына байланысты жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры деп танылып отыр. Тиісінше бұл процесс мәдени-білім беру процесінде жаңа қашықтан жұмыс істеу түрінің пайда болуына түрткі болды. Қашықтан жұмыс icтey сыртқы мәдени-білім беру өнімдерін жасауға және электрондық ортадағы мәдениет және білім беру субъектілері аясының кеңеюіне бағытталған кеңістік-уақыт қашықтығында техникалық құралдардың көмегімен icкe асырылады.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №3 2020 40-43 б.



Кітапхана неліктен бұрынғыдай бола алмайды немесе директор үшін дилемма

Вадим Степанов, Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты кітапханалық-ақпараттық ғылымдар кафедрасының доценті

XXI ғасырдың алғашқы жиырма жылында пайда бoлғaн және бүгінгі күнге дейін жaлғacып келе жатқан цифрлық революция адамзат өркениетін танымастай езгерттi. Кез-келген деректерді бірліктер мен нөлдер ағынына айналдыру ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, жаңа ережелер қалыптастырып, қайнар көздердің мүлде басқаша жолмен пайда болып, сақталып және таратылатын түбегейлі басқа инфрақұрылымын құрды.

Толығырақ  «Кітап патшалығы» №3 2020 31-37 б.



беттер: 123456789
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика