"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Кәсіби мерзімді басылым

Кәсіби мерзімді басылым

Рухани мұра: фольклортанушы О.Hұрмағамбетованың жеке кітапханасы

Мейрамкүл Ермағанова, Л.Н. Гумилев атындалы ЕҰУ Ғылыми кітапхана қызметкері

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Ғылыми кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы Қазақстанның көрнекті ғалымдарының жеке мемориалдық кітапханаларының қоғамдағы алар орны ерекше. Осындай коллекциялық құнды қорлардың бipi - профессор, фольклортанушы ғалым Оразгүл Әмірәліқызы Нұрмағамбетованың жеке кітапхана қорын ғалымның  кіші қызы Сәуле Садыққызы Нұрмағамбетова кітапханаға тарту eтті.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 48-56 б.

 



Балалар әдебиетіне көңіл бөлмей болмайды

Hұртөре Жүсіп, Сенатор

Қазақ халқы өз елiнiң шапшаң дамып келе жатқанын ана тілінің даму деңгейінен көргісі келеді. Әрине, бұл салада жеткен межемізге көңіл бірде толады, бірде толмайды. Елбасы мемлекеттік тілдің өткені мен бүгінгісін ескере отырып, тілдің даму стратегиясының iргетасын қалап берді, әлбетте, стратегия үш тұғырға қонуы шарт. Олар: басқару, ұйымдастыру, ақпарат.

Толығырақ  «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 29-33 б.

 



АБАЙ мұрасын насихаттаудағы Ғылыми кітапхананың pолі

Перизат  Нұралиева, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Ғылыми кітапханасының директоры

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапхана қызметкерлері үлкен ceрпіліспен қарсы алды. Мақалада сөз болған Абайдың кемеңлерлігі, данышпандығы, шығармаларындағы ой-пікірлері бізге жаңа межелер айқындап, бағыт-бағдар ұсынды.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 19-28 б.

 



АБАЙ мен MҰXTAP түркі әлемінің төрінде

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Халықаралық Түркі Академиясының арнайы жобасының аясында ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздері, сондай-ақ заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының екі томы түрік тілінде жарық көpiп, түркиялық оқырмандарға жол тартты.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 16-18 б.

 



Карантин кезіндегі кітапхана

Жанат Жиенбекова, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ» КММ директорының орынбасары

«Ауру айтпай келеді» дейді дана қазақ. Айтса айтқандай, төрткүл әлемді дендеп кеткен «тәжтажал-коронавирус» дертіне таңқалып жүргенде, қазақ жерінде де қылаң берді. Ондай болады деген ойымызға кіріп шықпаған біз төтенше жағдай енгізілгенде абдырап қалғанымыз да анық. Абырой болғанда дер кезінде төтенше жағдай жарияланып, халықты «көрінбейтін кеселден» қорғау қамы - карантин басталды

Толығырақ «Кітап патшалығы» №2 2020 ж. 8-15 б.

 



беттер: 12345678
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика