"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кәсіби мерзімді басылым

Кәсіби мерзімді басылым

Құнды тарихи мұрағат

Асқарова Мадина Қуандыққызы, Успен аудандық кітапханасының қызметкері, Павлодар облысы

Ақпаратты кеңістікте немесе уақытта сақтау - адамзат алдында көптеген жылдар бойы тұртан өте маңызды міндет. Типография пайда болғаннан кейін баспа өнімдері ақпаратты бекіту мен берудің негізгі формасына айналды, ал кітапханалардың міндеттеріне сақдау және oған қол жеткізу сияқты функциялар кірді. Кітапхана қызметіндегі жаңашылдықтың бip түрі - пресс-клиппинг.

Толығырақ «Кітап&Кітапхана» №4 2023 13-15 б.



Кітап – тарих, шежіре!

Қарсыбекова Меруерт Аминқызы, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың әдіскері, Қарағанды облысы

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада дәстүрлі түрде КIТАП шоу фестивалі өтті. Өткен замандардың әлем тарихын өзгерткен тұлғалары: ойшыл, философ ғалым әл-Фараби, терең ойлы философ, медицина ғылымының данышпаны Әбу Әли ибн Сина, сақ патшайымы Томирис, ең танымал археологиялық қазына Алтын адам, береке-молшылық тәңірісі Ұмай ана қонақтарды қарсы алды.

Толығырақ «Кітап&Кітапхана» №4 2023 40-41 б.



Кітап пен қоғам дәнекері

Матақбаева Гүлмира Қырғызбайқызы, ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдe6uemi қызметінің кітапханашысы, Алматы қ.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының әлем әдебиеті қызметінің залында әлемнің 123 тіліндегі басылымдары бар. Оқырмандар игілігіне барлық білім салалары бойынша әдебиеттер, қазақ жазушыларының шет тілдеріне аударылған басылымдар қамтиды. Оқырмандар арасында көп сұранысқа ие шығармалар араб, ағылшын, болғар, венгр, кәріс, жапон, түрік, неміс, француз, испан, итальян және тағы 6асқа әлем тілдеріндегі әдебиеттер.

Толығырақ «Кітап&Кітапхана» №4 2023 44-45 б.



Мамандығын серік еткен

Меңдібаева Шұға Аңсағанқызы, Меңдіқара орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы, Қостанай облысы

2023 жылы біз - «Меңдіқара ОКЖ» ММ қызметкерлері сүйікті үйіміздің, орталық аудандық кітапханамыздың 100 жылдығын атап өтеміз, өткенді біртіндеп қалпына келтіруге, оның мақтанышы болған, оның атын шығарған азаматтарымызды еске алуға тырысамыз. Кез келген кітапхананың тарихы елдің, ауданның, ауылдың тарихымен және онда жұмыс істегендердің тағдырымен тығыз байланысты екендігімен ерекшеленеді. Бұл орайда мамандығына тек кәсіп ретінде қарамай, оны өзіне өмірлік cepiк еткендер ерекше кұрметке лайық.

Толығырақ «Кітап&Кітапхана» №4 2023 50-51 б.



Кітапхана - рухани қазына

Аренова Дина Маратқызы, Атырау облысы Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ак, кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тьң пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды»

Толығырақ «Кітап&Кітапхана» №3 2023 3-9 б.



беттер: 1234567
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика