"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кәсіби мерзімді басылым

Кәсіби мерзімді басылым

Қазақтың көне аспабы - домбыра және оның түрлері

Ахмеди Дастан Аскербекұлы, Қаскелең мәдениет колледжінің арнайы пән оқытушысы

Шығармашылық - адамның өмір сүру қағидасында өзін- өзі тануы, ғылымға ұмтылуында, ізденуінде. Студенттің шы- ғармашылық қабілетін таныту, мектеп жасынан мақсатты түрде жолға қойылуы тиіс. Шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкіртінің өнеге тұтар ақылшысы, пікір- лес досы, бапкері болуы тиіс. Қазіргі кезеңде жеткіншектердің музыкалық тәрбиесі, әлеуметтік қоғам өмірінде маңызы арта түсуде. Олардың музыкалық тәрбиесі мен білім алуы- на халықтық мәдени мұрасының, кәсіби музыка үлгілерінің рөлі ерекше.

Толығырақ «Кітап& Кітапхана» №3 2021 31-37 б.

 



Тағдырлы жазушымен жүздесу

Марал Жалғасқызы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері

Жуырда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында қазақ халқының көрнекті жазушысы, драматург, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Сәбит Досановпен кездесу өткізілді.

Толығырақ «Кітап& Кітапхана» №3 2021 24-25 б.

 



Жаһандық техногендік өркениеттегі кітапхана

Рахимова Анар Кәріпбайқызы, ҚР Ұлттық кітапханасының Анықтамалық- ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі, Алматы қ.

Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдерде еліміз әлеуметтік- экономикалық, мәдени-рухани, ғылым-білім саласында үлкен табыстарға жетті. Бүгінгі қоғам сандық технологиялардың қарқынды дамуымен қатар ақпаратты алу, оны өңдеу және пайдаланушыға жеткізу туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертуде.

Толығырақ «Кітап& Кітапхана» №3 2021 21-23 б.

 



Балалар әдебиеті - ұрпақ тәрбиесінің талбесігі

Тоқабаева Ғалия Сламбайқызы, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры

Жастар - біздің еліміздің жарқын болашағының кепілі дейтін болсақ, кез-келген ұлт әдебиетінің жаны, алып арнасы - балалар әдебиеті. Биылғы 2021 жылдың- «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау жылы» деп жариялануының үлкен мәні мен маңызы бар. Өйткені, болашақта мемлекетті компьютерде отырғандар емес, кітап оқитындар басқарады.

Толығырақ «Кітап& Кітапхана» №3 2021 18-20 б.

 



Кітапханадағы ақпараттық технологиялар

Әшімжан Үміт Ерқанатқызы, ҚР Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы, Алматы қ.

Бүгінгі кітапханашы - менеджер, ол - бағдарламашы, ол - психолог, бірнеше саланы меңгерген, дәлірек айтқанда, кітапхана ісінің дамуын алға жылжытатын, қызмет көрсетудің әдіс-тәсілін қалыптастыратын білікті маман болуы шарт.

Толығырақ «Кітап& Кітапхана» №2 2021 с.53-57

 



беттер: 91011121314151617
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика