"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кәсіби мерзімді басылым

Кәсіби мерзімді басылым

Кітапхана ісі мамандарының заманауи кәсіби мүмкіндіктері

Гүлмира Нұржанова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Кітапханатану және библиография кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты

Қазіргі кітапханаларға өндіріс шығармаларын, ақпарат бағдарламаларын насихаттау барысында, жаңа технологиялық компьютерді өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыру әрекеттері іздестірілуде және ғаламдық тұрғыда алға қойған мәселелерді дұрыс шешу мен меңгеруге жол ашуда. Осындай ұлттық ақпаратты біріктіріп, қоғамға жаңаша уақыт талабына сай қызмет көрсетуді игеру мен насихаттаушы, таратушы, халыққа ұсынушы кітапхана - ол идеологиялық үлкен мекеме рөлін атқарады.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №3 2021 56-59 б.



Балалар прозасының көркемдік миссиясы

Нұрдәулет Ақыш жазушы, филология ғылымдарының докторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері

Балалар әдебиеті, оның ішінде балалар прозасы төл әдебиетіміздің кеңінен өркен жайған саласы екендігі дау туғызбаса керек. Ол әдебиеттану ғылымының жеке зерттеу нысаны ретінде сирек те болса әр қырынан қарастырылып келеді. Әсіресе Кеңес дәуірі деп аталатын кезеңде балалар әдебиеті пәрменді идеология құралы санатына жатқызылғаны белгілі.

Толығырақ «Кітап патшалығы» №3 2021 26-37 б.



Балалар әдебиеті - рухани өмірдің бастауы

Сұлушаш Хакимова Н.Байғанин атындағы Актөбе облыстық балалар кітапханасының директоры

«Адамның нағыз бақыты - тәрбиелі ұрпағында», - демекші біздің ата - бабаларымыз ерте заманнан 6epi қарай өз өмірлерінің жалғасы жас ұрпақты заманына лайықты азамат етіп тәрбиелеуде тәрбиенің басты құралы еетіп халықтың мол тәжірибелері - даналық ойларынан туған өсиет сөздерімен әдебиетті пайдалaнғaн. Балалар әдебиетінің түпкі нeгiзi осылай халықтық ұлттық салт-санамен байланысып жатады.

Толығырақ - «Кітап патшалығы» №2 2021 66-71 б.

 



Кітапханада өткен рухани той

Айдариға Аширап, Оралхан Бөкей атындағы Өскемен қалалық орталық кітапханасының кітапханашысы

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымда- масын әзірлеу туралы тапсырмасы бойынша Ұлыстың ұлы күнін 14-23 наурыз аралығында атап өту белгіленген болатын. Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана ұжымы бұл күндері тағлымдық-танымдық тұрғыда ұйымдастырылған көптеген шараларды көпшілік назарына ұсынды.

Толығырақ - «Кітап патшалығы» №2 2021 59-65 б.

 



Өлкетану: цифрлық қызмет дәуірі

Сақыбаева Шекер Нұрғалымқызы, АС.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Анықтама-библиографиялық бөлімінің қызметкері

Бүгінгі қоғамның шапшаң дамуына қарай оқырман- дар кітап қана емес көптеген жаңа мүмкіндіктерді талап етуі заңды құбылыс. ХХ1 ғасыр кітапханалары кітап сақтау және кітап берумен ғана айналысатын дәуірден әлдеқашан алыстап кеткен. Соңғы онжылдықтар аясында еліміздің кітапханалары электронды каталогтар құрып, кітаптарды сандық нұсқаға көшіріп, электронды кітапханалар құруда.

Толығырақ «Кітап& Кітапхана» №3 2021 45-49 б.

 



беттер: 8910111213141516
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика