"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кәсіби мерзімді басылым

Кәсіби мерзімді басылым

Абай. Руханият. Еуропа төріндегі төрт аялдама

Дінәсілова Шарбану Әлмаханбетқызы, Түркістан облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры

Абай бабамыздың мерейтойын лайықты деңгейде атап өту, оның есімін ұлықтау iсі биылғы мерейтойлы жылы Қазақстанда ғана қолға алынып отырған жоқ. Алыс-жақын шет мемлекеттерде Абайдың әдеби құн- дылықтарын насихаттау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Соның 6ip айғағы ретінде, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен ұлы Абайдың 175 жылдығына орай өткізілетін ic-шаралар жоспарына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт, Сыртқы icтep министрліктерімен және Чех Республикасының елшілігімен бірлесе отырып 27 қантар күні «Абай» мәдени-ақпараттық орталығы салтанатты түрде Еуропа төрінде ашылды.

Подробнее – в журнале «Кітап. Кітапхана» №1 2020 с.18-23

 



Кітапхана – шығармашылық кеңістігі

Нұрғалиева Ғазизa Құдайбергенқызы, Алматы қаласы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі

«Әуелде сөз болған». Сөз әуелде адамдардың сәулелі жадына мазасыз түйсік боп бітсе керек. Содан барып түйсіктен – естияр ойға, ойдан – әуезді дыбысқа, дыбыстан – көркем тілге, тілден – бәдіз тасқа, тастан – балдыр шөпке, балдырдан былғары кітапқа көшкен дейді.

 

Толығырақ «Кітап&Кітапхана» №4 2019 с.25-28 б.

 



Заманауи кітапхана: «50 + WEB» жобасы

Мырзахметова Бахытнұр Тәңірбергенқызы, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары

Сыр өңірі – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік және ұлттық деңгейде айрықша орын алған шығармалардың негізі қаланған қасиетті өңір. Қорқыт бабаның қобыз сарыны мен мақамы үзілмеген сүлейлер елі. Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – осы аймақ кітапханаларының әдістемелік орталығы және республикамыздың байырғы мәдени ошағы ретінде облыс халқының рухани игілігіне қызмет көрсетіп келе жатқан жетекші кітапханалардың бірі.

Толығырақ «Кітап&Кітапхана» №4 2019 17-20 б.

 



Қоғам зияткерлігінің айнасы

Анар Рахимова, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының анықтамалық - ақпараттық қызмет көрсету қызметінің  жетекшісі, Алматы қ.

Әрбір ұлт үшін өз елінде кітап ісінің таралу тарихын білу маңызды. Kiтап ici, жалпы алғанда, қоғамның интеллектуалды даму деңгейінің айнасы. Сон- дықтан, ғылым үшін, әcipece, әдебиет пен ғылым тарихы үшін кітап iciнің, библиографияның маңызы зор.

Толығырақ «Кітап&Кітапхана» №3 2019  37-39 б.

 



«Сенде оқып, ержеткен кәрістердің атынан»

Жанаргул Жаңабергенова, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы, әдіскер БҚО, Орал қаласы

Қазақстан – татулықтың, достық пен бірліктің киелі бесігі. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен eді. Бүгінде олармен тeгі басқа болғанымен, теңдігі бip, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналдық. Қазіргі таңда Қазақстанда 140-қа жуық этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олардың ана тілімізді құрметтеуі, татулыққа үндеулері мен отансүйгіш сезімдері қоғам өмірінде айқын көрініп тұрады.

Толығырақ«Кітап&Кітапхана» №3 2019  59-61 б.

 



беттер: 67891011121314
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика