"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Мәжітова Васима

     Балқашқа 1934 жылы Жамбыл педагогикалық техникумын бітіргеннен кейін, Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің жолдамасымен келеді.

В.Мәжітова қаламыздағы № 2 орта мектептің бастауыш сыныптарына көп жылдар бойы, ұстаздық қызмет етті.

Ұстаздық қызметімен қатар, қаланың қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысты. Бірнеше рет партия комитетінің басқарушы ұжымдарына сайланып, көптеген жылдар бойы мектептің партия ұйымының хатшысы болды.

Мұғалімдердің облыстық және қалалық оқуларына қатысып, әр түрлі тақырыптағы баяндамалар жасады. Сонымен бірге, В.Мәжітова мектептерде жаңа оқу бағдарламасына көшу кезінде, бастауыш сыныптарда бірінші болып эксперимент жүргізген алғашқы ұстаздардың бірі болып саналады.

В.Мәжітова халыққа білім беру саласындағы табысты еңбегі үшін «ҰОС кезеңіндегі ерен еңбегі үшін» (1946ж.),

«Үздік еңбегі үшін» (1949ж.) медальдарымен марапатталып

1947 жылы «Халыққа білім беру саласының үздігі» төс белгісіне ие болды.

В.Мәжітоваға 1966 жылы Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» атағы берілді.

1977 жылы 20 сәуірде В.Мәжітоваға Балқаш қалалық халық депутаттары Кеңесінің шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 57-58 б.

2. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-200,201 б.


Дата редактирования: 24 Қараша 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика