"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Львова Елена Михайловна

Просмотров: 1550

     1944 жылы 9 тамызда Қарағанды облысы, Балхаш қаласында дүниеге келген.

1961 жылы Н.К. Крупская атындағы №4 мектепті бітіріп Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педогогикалық университетіне оқуға түседі де, оны 1961 жылы химия және биология мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, Калининград облысы Янтарь орта мектебіне жұмысқа жіберіледі.

1968 жылы Балқаш қаласына қайтып келіп, «Орленок» бала-бақшасының даярлық тобына тәрбиеші болып уақытша  жұмысқа тұрады, 1969 жылдан 1972 жылға дейін №10 ОМ химия пәні мұғалімі болып істейді.

1970 жылы № 10 ОМ партиялық ұйымының жолдамасымен  универстиеттің кешкі бөлімінің марксизм-ленинизм-насихаттық бөлімшесіне оқуға  түсіп, оны 1972 жылы бітіреді.

Львова Елена Михайловна - педагогикалық қызметте 45 жылдық жұмыс өтілі бар, жоғарғы дәрежелі, әдіскер ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру саласының Құрметті және Үздік мұғалімі.

Қалалық гимназиядағы химия пәнінің мұғалімі Е. Львованың бала оқытудағы  сіңірген еңбектері Балқаш қаласы мен облыс тұрғындарына мәлім. Оның оқушылары өздерінің алған терең білімдерінің арқасында қаламызда, республикамыздың түкпір-түкпірінде және әлемнің әртүрлі жерінде өз аттарын шығарды.

Е.Львованың оқушылары 1984 жылдан бастап әртүрлі олимпиадалық жарыстардың жүлдегерлері және жеңімпаздары болып табылады. Оның ішінде 84 оқушы республикалық олимпиадалардың  жеңімпаздары, 17 оқушы Республикамыздың абыройын Менделеев атындағы және Халықаралық олимпиадаларда, оның ішінде Минск, Баку қалаларында, Тайланд, Дания, Германия және Греция секілді елдердегі дүниежүзілік олимпиадаларында қорғаған.

Өскелең ұрпақтың оқуына және тәрбиесіне үлкен үлестер қосқаны үшін, кәсіби шеберлігі, олимпиадаға дайындаудағы ерен еңбегі үшін ол ҚР білім Министрлігінің Алғыс хатымен, Ресей ғылым Академиясының химиялық білім қауымдастығының дипломымен марапатталған.

Е.Львова «2002 жылдың Үздік ұстазы», «Олимп шыңына шығарушы-жетекші» атағына ие болған, 2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сонымен бірге, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және Ы. Алтынсарин медальдарының иегері.

2008 жылы «Инновациялық мекемелердің үздік педагогы» атты номинация бойынша Қарағанды облысы әкімінің сый ақысын алып, осы аймақтың  үздік ұстазы  болып танылды.

Е.Львова ТМД ұстаздарының шығармашылық Кеңесінің  мүшесі,ол облыс бойынша әр дәрежедегі оқыту әдісін бірінші болып енгізіп, барлық сыныптар үшін химия пәні бойынша тұтас флипчарт базасын құраған, бұл зерттеу және жаңашыл тәжірибесін Қарағанды облысы және елорда мектептерінің педогогтарына қолданыс үшін таратқан.

Өзінің көпжылдық педогогикалық қызметі барысында ол көптеген химия  мамандарын оқытып шығарған, қазіргі уақытта олар  ғылым және басқа да елдердің өнеркәсіптерінің түрлі салаларында қызмет жасайды.

Тәжірибелі педагог, тамаша зерттеуші, жаңашыл ұстаз ретінде ол   химия пәнін терең зерттейтін өз атындағы  Львова мектебін құрды деуге де болады.

2012 жылғы 15 тамызда Е.М. Львоваға «Балқаш қаласының құрметті азматы» атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты қорынан


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика