"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Күземханов Мақсат Әзибекұлы

Просмотров: 180

 

       Күземханов Мақсат Әзибекұлы 1988 жылы 1 тамызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Ақши ауылында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын сол жерде аттап, кейін оқуын Балқаш қаласындағы Абай атындағы №2 лицейде жалғастырады. 2005 жылы Орталық Қазақстан технология және менеджмент институтына түсіп, 2010 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры»  мамандығы бойынша жоғары білім алып шығады.
        М.Күземханов 2008-2010 жж. М.Хамзин атындағы Мысшылар мәдениет сарайында әдіскер болып қызмет істеді.
     2010-2012 жылдары «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде қазақ тілі маманы, 2013-2014 жж. «Балқаш өңірі» газеті редакциясында тілші, 2015-2016 жж. Бұқар Жырау ауданының «Ақжар негізгі мектебінде» оқытушы қызметтерін атқарды. Мақсат Әзибекұлы 2020 жылдан бастап «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі болып жұмыс істейді. 
       М.Күземханов – шығармашылығымен ерекшеленетін дарынды ақын, бірнеше облыстық және республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. 
   Мақсат Әзибекұлы республикалық «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» ақындар мүшәйрасының І-ші (2019 ж.) және ІІ-ші (2021 ж.) орын иегері. Республикалық Ж.Жақыпбаев атындағы «Жыр қағаны» мүшәйрасының ІІ-ші орын иегері. 
    Мақсат Әзибекұлының таңдаулы өлеңдері республикалық «Жаңа ғасыр жырлайды» жас ақындар жинағына, облыстық «Дүниеге келер әлі талай Қасым», «Аймақтық ақындар антологиясы» жинақтарына енген. 
    М.Күземханов шығармашылық жолда сазгерлікпен де айналысады, бірнеше әндердің авторы. Мақсат Әзибекұлының әні мен сөзіне жазылған туындылары республикаға танымал әншілердің репертуарларында бар. 

          

 


Дата редактирования: 04 Қазан 2022

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика