"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Қонаев Дінмұқамед Ахметұлы

Просмотров: 14

      Дінмұқамед Ахметұлы Қонаев Балқаш қаласына 1936 жылы Мәскеу қаласындағы алтын және түсті металдар институтының жолдамасымен келді. Ол диплом жұмысын «Қоңырат карьерінің қуаттылығын 90 мың тонна қара мыс беруге жеткізу» тақырыбына жазып, оны үздік бағамен қорғап шықты. Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, кеніштің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды.

Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылы Д.Қонаев «Ерекше еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің ұсынысымен, 1939 жылы Д.Қонаев шикізат өндіру кеніштері әлсіреп қалған, «Алтайполиметалл» комбинатының Риддер кен Басқармасына директор болып тағайындалады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ол өндіріс жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастырумен қатар, республиканың Үкіметтік жұмысында да өзінің жоғары ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің орынбасары болды. Одан кейін 3 жыл Ғылым Академиясының Президенті болып қызмет атқарды.Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесінің төрағасы болып екі кезең (1955-60 жж. және 1962-64 жж.) сайланды. Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшылық лауазымын, аздаған үзіліспен 25 жыл атқарды. 1956 жылдан КОКП ОК-нің мүшесі, КОКП ОК Саяси бюросының мүшелігіне кандидат (1966-1971 жж.) және 1971 жылдан КОКП ОК-нің Саяси бюросының мүшесі болды. Бірнеше рет партия мен Үкімет мүшелерінен құрылған делегацияны бастап, шетелдерге барды. СКРО Жоғары Кеңесінің 3-10 шақырылымдарының және Қазақ СКР-ның Жоғары Министрлер Кеңесінің депутаты болды.

Ол партия мен мемлекеттік жұмыстарды өзінің ғылыми еңбектерімен ұштастыра білді. Ол тау-кен саласындағы ең ірі ғалым болды, өзінің ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында, Қазақстанның Ғылыми Академиясының дамуына үлкен үлес қосты. Д.Қонаевтың басшылығымен, ғылыми мекемелердегі іс-шаралар жобасы маңызды деңгейге қойылып, ондағы кадрлар бекіп, ғылым мен өндірістің байланысы артты. Оның еңбектері кен орындарын ашық тәсілмен өндіру практикасы мен социалистік құрылыстың өзекті мәселелеріне арналды.

Д.Қонаевтың 100-ге тарта ғылыми еңбектері жарық көрді. Оның ішінде: «Қоңырат кен орнындағы мыс кендерін өңдеу» (1949 ж.), «Қазақ СКР» (1958 ж.), «Соколов-Сарыбай тау-кен комбинатындағы карьерерлерде тау-кен технологиясын жетілдіру» (1966 ж.), «Кеңестік Қазақстан» (1978-1980 жж.) және т.б.

Димекең өзі еңбек жолын бастаған Балқашты ұмытқан емес. Кей кезде қала басшылары Димекеңнен ақыл-кеңес, күрделі мәдени-тұрмыс мәселелерін шешу үшін көмек сұрады. Оның бірде бірі шешілмей қалған жоқ. Алматыда Медеу баурайында орналасқан “Балқаш” демалыс үйін, Балқаш қаласындағы сауда үйінің құрылысын салуға республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де қол ұшын берді.

Осы қалада Дінмұқамед Ахметұлымен талай қызықты кездесулер өтті. Балқаштықтар әр уақытта Димекеңді үлкен құрметпен қарсы алып отырды. Ол кісінің Балқашқа соңғы сапары 1992 жылдың күзінде болды. Өзі алғаш еңбек жолын бастаған Қоңырат кенішіне барып, өзінің еңбектегі бірінші әріптестерімен, кеніштің ардагерлерімен кездесті. Ол осы адамдарды ондған жылдар көрмесе де, айнытпай таныды.

Балқаштықтар саяси қайраткер, ірі тұлға Дінмұқамед Ахметұлы Қонаевтың өз еңбек жолын, осы Балқаштан бастағынын мақтан тұтады.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Сәттібайұлы, К. Алдияр атаның ақ пейілі // Жас Алаш. – 1992. – 1 тамыз(№145-146).

2. Қонаев, Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы: Санат,1994. – 29-30 Б.

3. Әбдірайымұлы, С. Дара тұлға және дарын // Егеменді Қазақстан. – 1995. – 12 қаңтар

4. Сол бір кездер сағындырды // Егеменді Қазақстан. -  1995. – 29 тамыз(№167).

5. Әлиақпаров, Ә. Қонаевтың алдында // Сырлас. – 1998. – 23 қаңтар. – 2б.

6. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. Балқаш,2000. – 11-14 б.

7. Есали, А. Көзден кетсе де, көңілден кетпеген бейне // Егеменді Қазақстан. – 2004. – 7 шілде.

8. Ұрпақ үшін ұмытпайық // Егеменді Қазақстан. – 2004. – 25 тамыз. – 10 б.

9. Тәнекеев, С. Ерекше тұлғалы адам еді // Егеменді Қазақстан. – 2005. – 23 тамыз. – 6 б.

10. Төлепберген, М. Үзеңгі дос // Егеменді Қазақстан. – 2007. – 12 қаңтар

11. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС,2007 – 5,106-107 б.

12. Ақпарат айдынында. Қарағанды «Арко»,2007. – 83-89 б.

13. Жарылғап, М. Көргені де, көңілге де түйгені көп екен // Балқаш өңірі. – 2011. – 12 желтоқсан

14. Қинаят, З. Қонаев халыққа өте жақын еді // Жас Алаш. – 2012. – 5 қаңтар. - №1. -3б.

15. Сәттібайұлы, К. Ойдағыдай шешімге жақын маңда үміт артуға болмайды // Егеменді Қазақстан. – 2012. – 10 қаңтар. – 6 б.

16. Ақсұңқарұлы, С. Димаш патша көтерген шаңырақ бұл // Орталық Қазақстан. – 2012. – 12 қаңтар

17. Өмір жолы // Балқаш өңірі. – 2012. – 20 қаңтар

18. Мәдени мұра // 2012. – қаңтар. - №7(40). – 4-9,10-13,20-25,38-41,49-52,53-55,64-72.

19. Тәшімбай, Ғ. Айтсын деп ақиқатты тіл берілген // Қазақ әдебиеті. – 2016. – 24-30 маусым. - №26 (3504). – (1-4Б)

20. Сегізбайұлы, К. Естелікте ел тарихы.

21. Башар, Ж. Әр дәуірдің өз перзенті

22. Григорьева, Т. Тарихи жылдар, тоғысқан тағдырлар

23. Мұстафин, С. Ұлы адам.

24. Қалиев, М. Қонаев туралы фильм. 


Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика