"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Епанчинцев Виталий Тимофеевич

Просмотров: 1275

      Епанчинцев Виталий Тимофеевич 1929 жылдың 28 сәуірінде Алтай өлкесі, Чарышский ауданы, Шапунова ауылында дүниеге келген. 1930 жылы В. Епанчинцевтер  отбасы  Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Кулуджун кенішіне көшіп барады.

      В. Епанчинцев Самарка ауылындағы  №7 БОМ-гі 7 сыныпты бітіргеннен кейін 1943- 1946 жылдар аралығында Добролюбовка колхозында жұмыс жасайды.

   1946 жылы В. Епанчинцев Алматы қаласындағы паровоз машинистерін дайындайтын  курсты бітіріп, Семей облысындағы Чарская депосына паровоз машинисі болып жұмысқа жіберілді.

   Виталий Тимофеевич 1948 жылы  Алматы қаласындағы Жолтехникалық мектебінде паровоз  машинистерін дайындайтын курсты бітіріп, Семей қаласындағы Чарская  депосына  паровоздың аға машинисі болып жұмыс істей бастайды.

     1953 жылы В. Епанчинцев Шу ст, Түркістан-Сібір т.ж. жолтехникалық мектебінде паровоз машинисінен  тепловоз машинисіне ауысу үшін, білімін жетілдіру курсын бітіреді.  Чарская депосының бастығының 1954 жылғы 28 шілдедегі 2989/5 №12 бұйрығымен Чарская депосынан Шу ст, Сарышыған бөлімшелері, Түркістан-Сібір т.ж. поездарының қозғалыстарының қауіпсіздіктерін қадағалаушы болып ауыстырылды.

     1959 жылы Ташкент электромеханикалық техникумын бітіргенен кейін, Қарағанды темір жолы бөлімшесінің бастығының 1959 жылғы 24 шілдедегі № 168 бұйрығымен В. Епанчинцев Балқаш паровоз  депосының бастығы болып тағайындалады.

       Балқаш локомотив депосында 30 жылдан астам жемісті жұмыс істеген.

     В. Епанчинцевке «КСРО Құрметті теміржолшысы» атағы беріліп, Еңбек Қызыл Ту орденімен,  «Ерен еңбегі үшін» екі медальдарымен, мерейтойлық медальдармен, КОКП және КСРО Кеңес Минстрлерінің, ҚазКСР ОК комсомолының Құрмет грамоталарымен, 1963, 1974, 1975, 1976 ж.ж. 9-шы бесжылдық жеңімпаздарының  белгісімен марапатталған.

       В. Епанчинцев халық депутаттарының қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланған.

    2007 жылғы 4 сәуір В.Т. Епанчинцевке Балқаш қалалық мәслихатының  шешімімен "Балқаш қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді.

     Епанчинцев Виталий Тимофеевич 2008 жылы қайтыс болды.

Пайдаланылған құжат: Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағатының  Ф. 262. Оп.1.Д. 200.Л.92 құжаты.

Әдебиеттер тізімі:

1. Балқаш қаласының Құрметті азаматы атағын беру туралы // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.

2. Әбілқайырқызы, А. Мерейтойыңмен, Балқаш // Мысты өңір. – 2007. – 13 сәуір(№15).


Дата редактирования: 18 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика