"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Ермек Ерасыл Ерденұлы

Просмотров: 221

Ермек Ерасыл Ерденұлы 2004 жылдың 11 ақпанында Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келді. 2010-2019 жылдар аралығында Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде оқыды. 2019-2023 жылдары Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің «Дене тәрбиесі және әдістемесі» мамандығын аяқтап, Балқаш қаласындағы «Дене шынықтыру және сауықтыру» кешеніне «Спорт нұсқаушысы» болып орналасты.  

Ерасыл боксқа 9 жасынан бастап қатысады. Спортқа алғаш келуіне әкесі себепші болған.

2019 жылы Дубайда 57 кг дейінгі салмақта өнер көрсетіп, төрт жекпе-жек өткізді. Ол Тайпей (4:1), Иран (5:0) және Қытай (3:2) қарсыластарынан басым түсіп, финалға шықты. Ақтық кездесуде Өзбекстаннан келген боксшыны 5:0 есебімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі. Сол жылы Болгария мен Сербияда жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирден де алтын медаль иеленді.

Қазіргі  таңда 63,5 кг салмағында Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі. 2025 жылы Атырау қаласында өткен Халықаралық Болат Теміровты еске алу турнирының жеңімпазы атанып, Азия чемпионатына жолдама алған. Сонымен қатар, Ерасыл Ермек - Азияның екі дүркін чемпионы. Қазір үшінші Азия чемпионатына дайындық үстінде. Ересектер арасында бокстан Қазақстан чемпионы. Ерасылдың жаттықтырушысы КСРО спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы, АИБА бокс бойынша халықаралық төреші – Амангелді Маканалин.

Ерасыл әлі де биік белестерді бағындырып, еліміздің туын көкке көтеретініне сенімдіміз.


Дата редактирования: 18 Қаңтар 2026

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика