"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Жүнісов Мұрат Сатыпалдыұлы

Просмотров: 5

     Жүнісов Мұрат Сатыпалдыұлы 1966 жылы 24 шілдеде Балқаш қаласында туып, №10 орта мектепті бітірді. Сегіз жасынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Е.А.Әлімжановтың жетекшілігімен оқушылар Сарайында шахматпен айналыса бастайды. Өз кезінде ол шахмат бойынша қаланың үш дүркін және облыстың чемпионы атанды.
   1995 жылы шахматты жылдам ойнаудан Алматы қаласында өткен әлем чемпионатында, ол Анатолий Карповтың өзімен де кездеседі. Ол екі рет шахмат бойынша «Барайл чесс» версиясында өткен чемпионатта (көзі нашар көрушілер арасында) чемпион атанды (1989,1996). 1996 жылы Испанияда, 2002 жылы Турцияда әлем чемпионы атағын алды. Сонымен бірге, Қазақстандағы ең күшті бестіктің және әлемдік рейтингтің екінші жүздігінің қатарына енді. 2002 жылы Мұрат Жүнісовтың аты спортшылардың Қазақстандық энциклопедиясына кірді. 2005 жылдан бастап Мұрат Жүнісов Астана қаласындағы Республикалық шахмат мектебінің атқарушы директоры болып қызмет жасады. Қазіргі уақытта Алматы қаласында тұрады, шахмат бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері болып табылады.

Әдебиеттер  тізімі:

1. Әлем чемпионы атанды // Мысты өңір. – 2003. – 10 қаңтар(№2). – 2б.
2. Ниханберлин, А. Олар туған қаласының абыройын асқақтатты / А.Ниханберлин // Балқаш өңірі. – 2007. – 22 маусым(№51). – 3б.
3. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Сөздік – Словарь», 2009. – 844б.


Дата редактирования: 29 Қараша 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика