Кондрат Алексей Михайлович 1957 жылы 25 сәуірде Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. А.Кондрат 1964 жылы Балқаш қаласындағы М.Горький атындағы №1 орта мектепке барып, онда 1-ден 9-шы сыныпқа дейін оқиды.
Балқаш қаласында 1966 жылдың қыркүйек айынан бастап БЖСМ-де жеңіл атлетикамен айналыса бастайды. Балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Бүкілодақтық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанып, жүлделі орындарға ие болады. 1973 жылы оқушылардың Бүкілодақтық Спартакиадасына қатысу үшін Алматыға көшіп келіп, сондағы спорттық бейіндегі Республикалық мектеп-интернатты бітіреді
А.Кондрат 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік дене шынықтыру институтына оқуға түсіп, оны 1978 жылы үздік бағамен бітіріп шығады. 1974-78 жылдары ол КСРО құрама командасының (балалар, жасөспірімдер) және «Буревестник» Бүкілодақтық спорттық қоғамының құрамына енеді. 1978- 1980 жылдары Кеңес Армиясы қатарындағы СКА-12 спорттық ротасында әскери міндетін өтейді. Ауыр жарақат алуына байланысты, жеңіл атлетикамен белсенді түрде шұғылдануды тоқтатады.
А.Кондрат 1980 жылдан 1991 жылға дейін қосалқыда тұратын спортшылардың аға бапкері, содан кейін Қазақстан кәсіподақтарының ДСО және «Еңбек» қоғамында аға бапкер болып істеді.
А.Кондрат 1991 жылдың желтоқсан айынан 2016 жылдың желтоқсан айына дейін Республикалық конференцияларға Бас хатшы және Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика Федерациясының Вице-президенті болып сайланды. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясының Вице-президенті болып істейді.
2005 жылы Азиялық Ассоциациялардың Конгресінде Жеңіл Атлетиканың Азиялық Ассоциация Кеңесінің мүшесі, 2013 жылдан Азиялық Жеңіл атлетика Ассоциациясының Вице-президенті. А.Кондрат – Азиялық Ассоциацияның жарыстырды ұйымдастыру комиссиясының жетекшісі, Жеңіл атлетикалық Федерациялардың Халықаралық Ассоциациясын дамыту жөніндегі Комиссияның мүшесі.
2009 жылы Азиялық Ассоциацияның ұсынысы бойынша, Азия континентінде жеңіл атлетиканы дамытуға қосқан үлесі үшін А.Кондрат «ИААФ-тың Құрмет белгісімен» марапатталды.
«Қазақстан Республикасының спортқа еңбегі сіңген қайраткері» және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері» атақтары берілді.