"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Әлімжанов Ерғазы Әубәкірұлы

Просмотров: 11

     Әлімжанов Ерғазы Әубәкірұлы 1949 жылы 24 наурызда Қарағанды облысы Балқаш қаласында Әлімжановтардың үлкен отбасында дүниеге келген. Әкесі Әубәкір Әлімжанов біздің қаланың алғашқы ірге тасын қалаушы және КСРО Жоғары Кеңесіне  біздің қаладан тұңғыш сайланған депутат болып табылады.
     Е.Әлімжанов Абай атындағы орта мектепті алтын медальмен бітіргеннен кейін, Алтай өлкесіндегі политехникалық институтқа оқуға түседі.  1971 жылы оқуды бітіріп, Балқаш  тау –кен металлургиялық комбинатының автобазасының арнайы механизмдер колоннасының 5 санатты слесарь-бригадирі  болып орналасып, 5 айдан кейін осы автобазаның шебері болып ауыстырылады. Бір жылдан соң  Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының автокөлік кәсіпорынының бас механигі болып тағайындалады.
     1981 жылдан бастап  автокөлік цехын басқарып, 1983-1988 жылдары  жолаушылар тасымалдайтын Балқаш  көлік кәсіпорнынның бастығы болып қызмет атқарады.  Осы жылдары Балқаш халық депутаттары Кеңесіне депутат болып  сайланады. Е.Әлімжанов жолаушылар тасымалдайтын Балқаш  көлік кәсіпорнының бастығы болып қызмет атқарған кезеңде қалааралық рейстердің саны артып, техникалық жөндеу сапасы жақсарып, жолаушыларды күту мәдениеті жоғарылады..
     1988 – 1999 жылдары Балқаш кен металлургиялық комбинатының Аграрлық кешенінің жөндеу кәсіпорынында директор болып істеді және балқаштықтарды экологиялық таза әрі жаңа азық-түлікпен қамтамасыз етті. 1999 жылы «Бектау-Ата» баурайында орналасқан  «Сары - Арқа» туристік базасының директоры болып тағайындалып, өзі сонда таныстырушы болып, табиғат ортасын қорғады.  2002 жылдан  2010  жылға дейін «Балқаштүстімет» ӨБ  Бас директорының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары  болып қызмет атқарып, мектепке дейінгі мекемелердің жөндеу жұмыстары мен қызмет көрсету,  сауықтыру лагерлерінің  мәселелерін шешіп отырды.
  2010 жылы «Балқаштүстімет» ӨБ тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу зауытының директоры болып тағайындалды. Осы лауазымды  зейнеткерлікке шыққанша атқарған Е.Әлімжанов әлеуметтік-экономикалық өркендеу үшін үлкен еңбек сіңірді.
   Әлімжанов Ерғазы Әубәкірұлы 1972 жылдан бастап, қаладағы шахмат спортының дамуына белсене үлес қосты. 1974 жылы ол қоғамдық бастама негізінде «Шахмат Федерациясының» төрағасы болып сайланып, соңынан тұңғыш ашылған қалалық шахмат клубының жетекшісі және пионерлер Сарайында шахмат үйірмесін қоса жүргізді. Ерғазы Әубәкірұлы шахмат бойынша екі дүркін Әлем чемпионы Жүнісов Мұратты, сонымен бірге шахмат бойынша халықаралық шебер атағын алған Г.Варапаев пен Е.Жировты тәрбиелеп шығарды. Оның тәрбиеленушілері сонымен бірге облыстық және қалалық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанған.
     Е.Әлімжанов  2013 жылдан бастап «Белая ладья» шахмат клубының жетекшісі болып істейді. 2003 жылы 28 мамырда Ерғазы Әубәкірұлы Әлімжановқа  шахмат бойынша «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері» атағы берілді.
    Е.Әлімжанов мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президентті Н.Ә.Назарбаевтың (2017ж) және  «Қазақмыс» Корпорациясының Құрмет грамотасымен, Балқаш қаласының әкімінің және қалалық   халыққа білім беру бөлімінің  Алғыс хаттарымен марапатталған.  

Әдебиеттер тізімі:

1. Алдажарова, Н. Ардагерлерге құрмет көрсетті / Н.Алдажарова // Балқаш өңірі. – 2003. – 6 мамыр(№36). – 3б.
2. Әбілқайырқызы, А. Кенді өлкенің тынысы / А.Әбілқайырқызы. – Алматы: Нұр – Принт-75,2011. – 184-192б.


Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика