"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Чебукина Елена Васильевна

Просмотров: 1703

     

Чебукина Елена Васильевна  1965 жылы 11 қараша күні  Балқаш қаласында дүниеге келіп,осы жерде волейболмен айналыса бастайды. Бірінші бапкері - Е. Н. Кольченко. Бірінші рет АҚК-ның командасы үшін ойнайды (Алматы). Соның құрамында ол 1984 жылы КСРО чемпионы, 1986, 1988-1990 жылдары КСРО чемпионаттарының күміс жүлдегері, 1985 жылы Одақтық біріншіліктің қола жүлдегері, 1985 жылы еуропалық чемпиондардың Кубогының  және 1989,1990 жылдары Кубок иегерлерінің Кубогының жеңімпазы атанды. КСРО, ТМД және Ресей құрама командаларының құрамында 1983-1993 жылдары  арнайы жарыстарға қатысты. Олардың құрамында: 1988 ж. Олимпиада чемпионы, 1992 ж. Олимпиада ойындарының  күміс жүлдегері, 1990 ж. Әлем чемпионы, 1989ж. күміс және 1985,1991 жж. екі дүркін қола жүлдегері, 1991 ж. Әлем Кубогының жүлдегері, Европаның төрт мәрте чемпионы (1985,1989,1991 және 1993ж.), еуропалық бірншіліктердің екі дүркін күміс жүлдегері(1983 және 1987 ж.), 1993 ж. Гран-Придің қола жүлдегері, 1986 және 1990 жылғы Ерікті ойындардың жеңімпазы, «Дружба-84» турнирінің жеңімпазы. 1986 жылы өткен Әлем чемпионатына қатысушы. 1995 жылдан бастап Хорватияның құрама командасы үшін ойнайды. Оның құрамында: 2000ж. Олимпиадалық ойындарға,1998 ж. Әлем чемпионатына,1995ж.әлем Кубогына, Европа чемпионаттарына  1995, 1997 және 2001 ж. қатысушы  (1995 және 1997 күміс жүлдегер).  1992 жылдан бері шет ел клубтарында ойнайды. 2000 ж. Чемпиондар Кубогының жеңімпазы. Хорватияның бірнеше дүркін чемпионы. Қазіргі уақытта Дубровник (Хорватия) қаласында тұрып жатыр.

1. Ниханберлин, А. Болашақты бүгінгі күндермен қалау / А.Ниханберлин // Спорт. – 2002. – 13 тамыз(№64). – 6 б.


Дата редактирования: 20 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика