"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Ниханберлі Аманкелді

Просмотров: 6

     Ниханберлі Аманкелді 1945 жылы  12 қазан күні Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы Қусақ елді мекенінде дүниеге келген. Абай атындағы педагогикалық институтты биолог-химик мамандығы бойынша бітірген.
    Өзінің еңбек жолын Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлігінен бастаған.
​     Аманкелді Ниханберлінің өзі ҚазКСР-ның жасөспірімдер мен жастар арасында еркін күрес бойынша өткен чемпионатында   жүлде алған бірінші балқаштық, сонымен бірге қалалық жарыстарда жеті рет чемпион атағын алған жеңімпаз спортшы.  Қарағанды облысының чемпионы, Алматы мен Душанбеде өткен жарыстардың бірнеше дүркін  чемпионы болып, Орта Азия әскери аймағының біріншілігінде 70 келі салмақта күресіп, жеңімпаз атанды.
​     КСРО-ның аймақтық біріншілігіне жүрер алдында А.Ниханберлі ауыр жарақат алып қалып, өзінің үлкен кілемдегі додасын тоқтатуға мәжбүр болды.   Осыдан кейін жаттықтырушы жұмысына ауысып, еркін күреспен шұғылданатын өз ізбасарларын дайындауға көшті.
​      1973-1983 жылдары Жезқазған облысы облыстық спорт мектебінің Балқаш филиалына басшылық жасап, 1986-1988 жылдары «Прибалхашстрой»  тресіне қарасты «Строитель» спорттық кешенінің, «Балқашқұрылыс» АҚ спорттық-сауықтыру орталығының директоры болып қызмет атқарды.  2004-2010 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін Балқаш қаласының Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болды.
    Қалалық, саяси-қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, еркін күрестен өткен Бүкілодақтық, республикалық, облыстық және қалалық Біріншіліктерде Бас төреші болып тағайындалды.
​     А.Ниханберлі  Жезқазған халық депутаттары облыстық Кеңесінің  1990 жыл 20 қазандағы шешімімен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатына ие болған спортшы. Қала, облыс басшыларының, ҚазКСР-ның спорт комитетінің Құрмет грамоталарымен, Қазақстан спорт және туризм Агенттігінің алғыс хатымен марапатталған.  
​     А.Ниханберлі 2012 жылы Алматы қаласына көшті. Ол Алматы қаласында да қоғамдық жұмыстардан тысқары қалмай, сондағы спорт ардагерлері Қоғамының белсенді мүшесі болып есептеледі.

Әдебиеттер тізімі:

1. Саяжанқызы, М. Құрылысшыларға арналған салтанат / М.Саяжанқызы // Балқаш өңірі.
2.  Әрінов, С. Сыйлыққа «Жигули» / С.Әрінов // Балқаш өңірі. – 1991. – 10 қазан(№121). – 2 б.
3. Қуаныш баянды болсын // Балқаш өңірі. – 1993. – 13 мамыр(№48). – 1 б.
4. Сардарбекова, К. Дәрігерлерге қамқорлық – адам денсаулығының кепілі / К.Сардарбекова  //  Балқаш өңірі. – 1993. – 19 маусым(№56). – 2 б.
5.  Мырзахметқызы, Г. Бизнес  ең алдымен интеллект / Г.Мырзахметқызы // Жас алаш. – 1998. – 16 сәуір(№38). – 3 б.
6.  Айдарбекұлы, Қ. Халыққа қамқоршы азамат / Қ.Айдарбекұлы // Балқаш өңірі. – 1998. – 10 қазан(№74). – 7 б.
7. Әбілқайырқызы, А. Ұрпағын ойлаған ел азбайды / А. Әбілқайырқызы // Сырлас. – 1998. – 4 желтоқсан(№86). – 4 б.
8. Ниханберлин, А. Мен үшін негізгі ұғым – тәуелсіздік / А.Ниханберлин // Балқаш өңірі. – 1998. – 31 желтоқсан(№101-102). – 2 б.
9.  Жыл адамы // Балқаш өңірі. – 1998. – 31 желтоқсан(№101-102). – 1 б.
10. Бәйге // Балқаш өңірі. – 1999. – 11 наурыз(№21). – 1 б.
11. Жаппарұлы, Н. Өзгеге өзегін үзіп беретін қазақ, өзіне келгенде неге сараң / Н.Жаппарұлы // Балқаш өңірі. – 1999. – 16 наурыз(№35). – 6 б.
12. Жүнісұлы, О. Нұр жаусын сізге, Аужеке / О.Жүнісұлы // Балқаш өңірі. – 1999. – 4 мамыр(№28). – 1 б.
13. Жаппарұлы, Н. Кімнің бай болғысы келмейді / Н.Жаппарұлы // Балқаш өңірі. -–1999. – 5 тамыз(№53). – 7 б.
14.  Жүнісұлы, О. Халықтан алған алғыстан артық абырой жоқ / О.Жүнісұлы // Балқаш өңірі. – 1999. – 30 желтоқсан(№103). – 2 б.
15. Айтжанұлы, Қ. Қайта жасанып, салтанатпен ашылды / Қ.Айтжанұлы // Балқаш өңірі. – 2000. – 9 мамыр(№36). – 2 б.
16. Жақиянов, А. Журналист халықтың пікірін айтып жеткізеді / А.Жақиянов // Балқаш өңірі. – 2000. – 27 маусым(№49). – 1 б.
17. Ниханберлин, А. Спорт – ең үлкен саясат / А.Ниханберлин // Балқаш өңірі. - 2000. - 24 қазан(№79). – 3 б.
18. Айтжанұлы,Қ. Көше атауын өзгертті / Қ.Айтжанұлы // Балқаш өңірі. – 2001. – 27 наурыз(№18). – 4 б.
19. Оразымбетов, М. Жанашыр /  М.Оразымбетов // Мысты өңір. – 2001. – 10 тамыз(№83). – 5 б.
20. Жүнісұлы, О. Спортта есесі кеткен жігіт / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. – 2001. – 14 қараша(№83). – 12 б.
21. Жүнісұлы, О. Мен үшін басты ұғым – тәуелсіздік / О.Жүнісұлы // Тоқырауын тынысы. – 2001. – 13 желтоқсан(№91). – 4 б.
22. Сағынтай, С. Бақ тайса, басқа дәулет құрылмайды / С.Сағынтай // Балқаш өңірі. – 2002. – 4 қаңтар(№1). – 2 б.
23. Ниханберлин, А. Ел құрметтеген Димекең / А.Ниханберлин // Балқаш өңірі. – 2002. – 11 қаңтар(№3). – 1 б.
24. Айтжанұлы, Қ. Тізгінді тең ұстаған / Қ.Айтжанұлы // Балқаш өңірі. – 2002. – 5 маусым(№44). – 2 б.
25. Болашақты бүгінгі күндермен қалау // Спорт. – 2002. – 13 тамыз(№79). – 5 б.
26. Жүнісбайұлы, Н. «Барыс» - Балқаштың спорттық жүрегі / Н.Жүнісбайұлы // Спорт. – 2002. – 13 қыркүйек(№79). – 5 б.
27. Ардагер спортшылардың бірлесітігі құрылды // Балқаш өңірі. – 2004. – 7 қаңтар(№2). – 3 б.
28. Сүлейменова, П. Спортқа қамқорлық жасалуда / П.Сүлейменова // Балқаш өңірі. – 2004. – 29 қыркүйек(№69). – 4 б.
29. Ермағанбетова, Г. Жасөспірімдер арасында біріншілік өтті / Г.Ермағанбетова // Балқаш өңірі. -  2005. – 3 маусым(№47). – 6 б.
30. Құдайбергенұлы, М. Қала біріншілігі өтті / А.Құдайбергенұлы // Балқаш өңірі. – 2005. – 17 маусым(№43). – 4 б.
31. Құдайбергенұлы, М. Спортшылар мен денешынықтырушылар күні тойланды / М.Құдайбергенұлы // Балқаш өңірі. – 2005. – 17 тамыз(№59). – 1 б.
32. Оразымбетов, М. Әрқашан өз күшіңе сен / М.Оразымбетов // Балқаш  өңірі. – 2005. – 17 тамыз(№59). – 3 б.
33. Оразымбетов, М. Шаршы алаңда палуандар күресті / М.Оразымбетов // Балқаш өңірі. – 2006. – 21 сәуір(№38). – 3 б.
34. Ниханберлин, А. Олар туған қаласының абыройын асқақтатты / А.Ниханберлин // Балқаш өңірі. – 2007. – 22 маусым(№39). – 2 б.
35. Оразымбетов, М. Спорт мектебінің бүгіні мен ертеңі / М.Оразымбетов // Балқаш өңірі. – 2006. – 1 қыркүйек(№72). – 3 б.
36. Ниханберлі, А. Азамат тәрбиелеу парызымыз / А.Ниханберлі  // Балқаш өңірі. – 2006. – 8 желтоқсан(№109). – 4 б.
37. Айтжанұлы, Қ. Спорт ардагерлері құрмет көріп қайтты / Қ.Айтжанұлы // Балқаш өңірі. – 2007. – 23 қараша(№88). – 6 б.
38. Ниханберлин, А. Спорт мектебіне – 50 жыл / А.Ниханберлин // Балқаш өңірі. – 2008. – 4 сәуір(№27) – 8 б.
39. Кәрімов, Н. Баскетболшы қыздарымыз жеңіс тұғырында // Балқаш өңірі. – 2008. – 21 қараша(№89). – 2 б.
40. Самат Нұрғалиевті еске алуға арналған дәстүрлі спорт сайысы // Балқаш өңірі. – 2009. – 20 ақпан(№26). – 2 б.
41. Кәрімов, Н. Баскетбол бапкері Лариса Будник шәкірттерімен Балқаш қаласында кездесті / Н.Кәрімов // Балқаш өңірі. – 2009. – 20 ақпан(№17). – 3 б.
42. Жалқын: Қоғам қайраткері Қасымхан Ахметовты еске алу / Әдеби өңд.: О.Жүніс, Т.Майбас. – Алматы: «Қазақпарат», 2010. – 147-148 б.
43. Мамырбеков, Е. Спорт серкесіне арналған құрмет / Е.Мамырбеков // Балқаш өңірі. – 2010. – 10 ақпан(№18). – 2 б.
44. Әбілқайырқызы, А. Қала спортының даму жолдары / А.Әбілқайырқызы  / Кенді өлкенің тынысы. – Алматы: Нұр – Принт-75, 2011. – 192-196 б.


Дата редактирования: 02 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика