"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Шакенов Ізбасар Умыржанович

Просмотров: 349

Шакенов Ізбасар Умыржанович 1963 жылы 5 қыркүйекте Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген.

1980-1982 жылдары Балқаш педагогикалық училищесінде дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алды.

1982 жылы Алматы қаласындағы Қазақ дене шынықтыру институтына түсіп, 1983-1985 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында болған. Әскерден келіп, оқуын жалғастырды. 1988 жылы оқуын тамамдап, дене шынықтыру және спорт мамандығын алып шығады.

Еңбек жолын 1986 жылы Приозерный аудандық білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып бастаған.

1993-1997 жылдары Тоқырауын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директор қызметінде болды.

1997-1999 жылдары «Балқаш мыс заводы» ӨБ әскери күзет бөлімінде инспектор, қарауыл бастығы болып қызмет еткен.

1999-2000 жылдары Балқаш стансысы №24 мектепте және Балқаш қаласының  №7 мектеп – гимназиясында дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеген.

2001 жылы облыстық мамандандырылған «Дәулет» күрес түрлері спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмыс істеді.

2004-2015 жылдары «Балқаш қаласының туризм және спорт бөлімі» ММ басшысы, «Білім және спорт бөлімі» ММ бас маман, «Спорт бөлімі» ММ меңгерушісі қызметтерінде болған.

Қазіргі таңда «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарады.

 


Дата редактирования: 18 Қаңтар 2026

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика