"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Сатыбалдина Жанат

Просмотров: 634

 

Сатыбалдина Жанат 1953 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Қарағанды педагогикалық дене тәрбиесі институтын бітірді. Еңбек жолын 1975 жылы өзі туып өскен Қоңырат ауылындағы Қ.Нұржанов атындағы мектепте дене тәрбиесі сабағынан бастады. Жоғары сынып оқушылары арасындағы волейбол командасы аудан бойынша I-орын  алып, облыстық жарыстарға қатысты.

    1976 жылдан бері Балқаш қаласының Абай атындағы №2 лицейінде жұмыс істеді. Жыл сайын лицей барлық спорт түрінен жылдық мониторинг қорытындысы бойынша қалалық I, II орындарға ие болып отырды. Шәкірттері күзгі, қысқы және көктемгі мезгілде өтетін қалалық спорттық жарыстарда жүлделі орындардың иегерлері. Ұлттық мектептің мерейін көтеруде, қазіргі заман ағымына сай педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы, оқушының салауатты өмір салтын ұстану, ұлттық және бұқаралық спорттық дағдыны арттыру мұғалімнің басты мақсатына айналған. Іс-тәжірибесін тарату мақсатында қалалық, облыстық деңгейде ашық сабақтар өткізді.

  Жанат Сатыбалдина 2009 жылы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты ұйымдастырған республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Мониторинг мақсатымен жеке тұлғаның денсаулығын дамытудағы нәтиже арасындағы айырмасын азайту» деген тақырыпта іс-тәжірибелік мақаласын жариялады.

  Жанат Сатыбалдина 10 жыл бойы мектеп жанындағы жазғы сауықтыру орталығының басшысы қызметін атқара отырып, орталыққа қатысқан 2500 оқушының денсаулығын шыңдауда зор еңбек сіңірді. Мұғалімнің көптеген шәкірттері студенттік жылдарында Астана, Алматы, Қарағанды жоғары оқу орындарының құрама топтарына кірді. Ал көптеген түлектері «Қазақмыс» корпорациясының өндіріс орындарында қызмет ете жүріп, спорттық жарыстардың жеңімпаздары атануда.

  Сатыбалдина Жанат мектеп ұжымы, ата-аналар арасында үлкен беделге ие. Ұйымдастырушылық қабілеті мол, шығармашылық ізденіске ден қойған, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін тәжірибелі маман.

 Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі нәтижелі табыстары үшін қалалық, облыстық мадақтамамен, алғыс хаттармен марапатталған.

   Қазіргі кезде құрметті еңбек демалысында.

 


Дата редактирования: 25 Мамыр 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика