"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Маканалин Тілеугерей Исламұлы

Просмотров: 645

 

       Маканалин Тілеугерей Исламұлы 1959 жылы Балқаш қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды педагогикалық дене тәрбиесі институтын бітірді. Өзінің еңбек жолын «Прибалхашстрой» трестінің БЖСМ бокстан жаттықтырушы болып бастады. Одан кейін Приозерск қаласында дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеді. Жасөспірімдер спорт мектебінде, мектепте және басқа да ұйымдарда еңбек еткен жылдары өзін білікті, жоғары кәсіби, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман ретінде көрсете білді.
       1990 жылдары Тілеугерей Исламұлы жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Осы жылдары ол қаланың спорттық өмірін белсенді түрде қолдап, өзін спорттың белсенді меценаты ретінде көрсетті. Спортшылар мен жаттықтырушыларды облыстық, республикалық жарыстарға барып, спорттық шеберліктерін шыңдау үшін үлкен қолдау білдірді. 2015 жылы Балқаш қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Қала әкімдігі «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» КМҚК басшысы лауазымына Тілеугерей Исламұлының кандидатурасын қолдады.
       Осы жылдар ішінде оның жетекшілігімен тұрақты жаттықтырушы-ұстаздық құрам, бастамашылдығымен және еңбекқорлығымен ерекшеленетін ұжым   қалыптасты. Сондай-ақ, ДШСК-де 3 ҚР спорт шебері, 16 Қазақстан спорт шеберіне үміткер, 23 бірінші дәрежелі, 80-нен астам бұқаралық спорттық разрядтағы спортшылар дайындалды.
         Тілеугерей Исламұлы еңбек жылдарында қаланың бұқаралық спорт және мәдени өміріне белсене қатысқаны үшін бірнеше рет Қарағанды ​​облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының Құрмет грамоталарымен және Балқаш қаласы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталған. Маканалин Тілеугерей Исламұлы – қалалық «Балқаш» спорт клубының жетекшісі, Балқаш қаласы Бокс Федерациясының президенті, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі иегері атанды. 2017 жылы Т.И.Маканалин қала өміріндегі іс-шараларға және қайырымдылық істерге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Ол өзінің  бастамасымен құрылған Балқаш Бокс Федерациясының тұрақты Президенті болды. Қалада оның жетекшілігімен мезгілсіз өмірден өткен балқаштық былғары қолғап шеберлерін еске алуға арналған бокстан 10 жыл бойы халықаралық турнир өткізілді.
     Т.И.Маканалин басшы ретінде жоғары құзыреттілік және мақсаттылық танытып, күнделікті іскерлік этика, әдептілік ережелері мен нормаларын қатаң сақтай білді. Тілеугерей Исламұлы дене шынықтыру және спорт саласында үнемі жаңа технологиялар мен шешімдерді іздеуде болды.
    Тілеугерей Исламұлының бар өмірі – спортқа аянбай қызмет етудің, таңдаған ісіне, мұраты мен сеніміне адалдықтың жарқын үлгісі. Федерацияны басқарған жылдары оның тікелей қатысуымен қаланың спорт өмірінде елеулі өзгерістер орын алды. Тілеугерей Исламұлы тәжірибесінің, білімділігінің, алғырлығының, биік моральдық-этикалық ұстанымының арқасында лайықты беделге, зор құрметке ие болды.
       2021 жылы 3 желтоқсанда Маканалин Тілеугерей Исламұлы дүниеден өтті.

 


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика