"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Сесоров Алексей

Просмотров: 1261

     

Сесоров Алексей ақ желкеншілердің әулеттік дәстүрін жалғастырушылардың бірі. Ол көптеген Бүкілодақтық жарыстардың жүлдегері, ақ желкеншілер спорты бойынша бірнеше дүркін  чемпион атағын алған. Сегіз жасында ол жасөспірімдер арасында Қазақстан кубогіне өткен жарыста бірінші орынға ие болса, он жеті жасында КСРО спорт шебері атағын алды. 1990 жылға дейін ол бірнеше чемпионаттарға қатысып, «Лазер» жеке өнер көрсету классында міндетті бірінші орынды алды.
     1999 жылы А.Сесоров IX Азия чемпионатына, Пакистан мен Карачи қаласында өткен чемпионаттарға қатысып, ең күшті алтылықтың қатарына енеді де, Олимпиадаға қатысуға жолдама алады. Өкінішке орай,жол қаражатының болмауына байланысты ол бұл Олимпиадаға қатыса алмайды. Ақ желкеншілер спортының Құрметті атағы-чемпиондықты А.Сесоров 16 дүркін алды. Алексей Сесоров – батыл яхтсмен, Қазақстан құрамасының нөмірі бірніші қатысушысы болды.
      «Голубой Иссык-куль» халықаралық регатасының (2002ж.), Қазақстан чемпионатының (2004ж.) чемпионы атанды.

Әдебиеттер  тізімі:

1. Сасаев, Н. Болашақты бүгінгі күндермен қалау / Н.Сасаев // Спорт. – 2002. – 13 тамыз(№79). – 3б.
2. Ардагер спортшылардың бірлестігі құрылды // Балқаш өңірі. – 2004. – 7 қаңтар(№2). – 3б.
3. Ниханберлин, А. Олар туған қалаларының абыройын асқақтатты. / А.Ниханберлин. – 2007. – 22 маусым(№49). – 4б.  


Дата редактирования: 18 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика