"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Аринов Сүйіндік Аманжолұлы

    Аринов Сүйіндік Аманжолұлы 1946 жылы Тасарал ауылында дүниеге келген. Ол 1965 жылы Қазақ мемлекеттік институтының дене шынықтыру факультетіне түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. Өзінің еңбек жолын «Балқаш» спорт клубында бапкерліктен бастап, ҚазКСР-ның самбо бойынша чемпионы атанады. Екі жыл өткен соң біздің қаламыздың тарихында бірінші болып, ол КСРО –ның самбо бойынша спорт шебері атағын алды. 1975 – 1983 жылдары Сүйіндік Аринов Жезқазған облысының самбо күресі жөніндегі аға бапкері болып қызмет жасады. Оның тәрбиеленушілері республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегерлері атанды. С.Аринов бір топ талантты күрес палуандарын дайындап, оған балқаштық бапкерлердің ішіндегі біріншісі болып – самбо, қазақ күресі бойынша Халықаралық санаттағы судьяның мәртебесі берілді.
   1983 жылдан бастап Сүйіндік Аманжолұлы «Прибалхашстрой» тресіне қарасты «Строитель» спорттық кешенінің директоры лауазымында 10 жыл қызмет жасады. Содан кейін ол БКМК-ның су-спорттық стансасында директор болып істеп, соңынан қалалық спорт, туризм және жастармен жұмыс жөніндегі комитетке басшылық жасады.
   Балқаш спортын дамытуға қосқан үлесі мен ұлттық спорт түрлерін насихаттап, талантты палуандарды дайындағаны үшін оған 1999 жылы «ҚР спорты мен денешынықтыру мәдениетін дамытқаны үшін» Құрмет белгісі және 2006 жылы «ҚР спортының  құрметті қайраткері» атағы берілді.
     Аринов Сүйіндік Аманжолұлы 2016 жылы қайтыс болды. 

Әдебиеттер тізімі:

1. Тұрсынқызы, Г. Қамқорлық қажет спортқа / Г.Тұрсынқызы // Балқаш өңірі.
2. Сасаев, Н. Болашақты бүгінгі күндермен қалау / Н.Сасаев // Спорт 2002. – 13 тамыз(№63). – 3б.
3. Аринов, С. Спорт саласы қолдауды қажет етеді / С.Аринов // Балқаш өңірі. – 2004. – 13 тамыз(№75). – 2б.
4. Аринов, С. Қала біріншілігі өтті / С.Аринов // Балқаш өңірі. – 2006. – 27 қараша(№81). – 2б.
5. Ниханберлин, А. Олар туған қаласының абыройын асқақтатты / А.Ниханберлин // Балқаш өңірі. – 2007. – 20 маусым(№51). – 3б.


Дата редактирования: 21 Ақпан 2020