"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Қошқарбаев Шашубай

     Қошқарбаев Шашубай  - ақын, сазгер, жазушылар Одағының мүшесі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1865 жылы Балқаш көлінің жағасында, қазіргі Балқаш қаласына жақын жерде туған. Шашубай шешесі қайтыс болғаннан кейін, ағасы Сүйіндік пен оның жұбайы Шынжылының отбасында тәрбиеленіп, соңынан әкесіне қайтып оралады. Болашақ ақын 13 жасынан бастап  малшы болып еңбек етіп, өз күнін өзі көреді.
    Музыка мен өлең айтуды Шашубай жас кезінен-ақ жақсы көріп, суырып салмалық өнермен ерте айналыса бастайды.  Өлең жазу таланты оның бойында  14 жасынан басталып, ол өз өлеңдерін тек домбырада емес, сол кезде белгілі емес саз сырнайда айта бастайды.
     Шашубай өзінің  шығармашылық жолының басын Жетісудың қыздары Жақай мен Кенжебаланың айтысынан басталған деп есептейді. Шашубай көп жылдар бойы ел кезіп, Көкшетау, Қараөткел, Қоянды жәрмеңкелерінде біздің атақты ақын, сол дәуірдің дарынды, талантты бүкіл елге танымал ақындары  Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаев, Мәди, Естай, Шөже, Сарбас, Майкөт және Қуандықпен  кездескен.  1909 жылы ақындар  Байбұлан байдың тойында кездеседі. Шашубай осы жерде Жамбыл ақынмен бірінші рет кездесіп, онымен айтысқа түседі. Осы айтыстан Шашубай көп сабақ алып, ол өмір бойы Жамбылды өзінің ұстазы деп есептеп өткен. Оның әншілік, музыканттық, сазгерлік, әртістік дарыны үлкен халықтық мерекелерде кеңінен ашылып отырды. Шашубай  жас кезінде  ат үстінде шауып келе жатып, саз сырнаймен өлең айтқанда, халық  оның шешендікпен айтылған сөздеріне тәнті болған.
     1934 жылы 16 маусым күні өткен халық таланттарының І Республикалық Слетіне Шашубай да қатысып, оған сол күні «Халық ақыны» деген атақ беріледі. 1936 жылы ақын халық таланттарының ІІ Слетіне қатысады.
     Ш.Қошқарбаевтың өлеңдері Ұлы Отан соғысы кезінде халыққа идеологиялық күш беріп, үгіт жұмыстарының жүруіне көп мүмкіндік берді.  Тіпті оның аттары: «Майдан үшін», «Жеңіс үшін неге аянамыз?!», «Алдымызда шешуші сәттер!», «Молибденді молынан өндіреміз!» - деп ұран сияқты аталған. Шашубай саяси үгіттеудің айқын және түсінікті түрі  айтысқа белсенді түрде қатысып отырған. Шашубай  Қоңырат пен Балқаштың жұмысшыларымен кездескенде: «Мен бұл жерге сендердің көңілдеріңді әнмен көтерейін деп келген жоқпын, барлық кеншілер мен металлургтердің өнім беру сапасын көбейтіп, майданға көмекті күшейтулерін сұрау үшін келдім. Алда Қарағанды да өтетін айтыста жұмыстарыңнан кемшілік шығып, мен жеңіліп қалмайын деп өтініп келіп тұрмын» - деп айтқан екен.
     1942 жылы 14 желтоқсанда Қарағанды қаласының Қазақ драма театрында халық ақындарының шахтерлармен кезекті кездесуі болады. Бұл кездесуде  Шашубай  Қошқарбаев, Ильяс Манкин, Доскей  Әлімбаев, Айтбай Хангелдин, Николай Титов, Александр Ганкиндер болады. Осы кездесуде Сары-Арқаның ақындары жыршылардың байырғы халықтық сайысы -  айтысты қайта жандандыру туралы ұсыныстар жасайды.
     1943 жылы 5 тамыз күні  Қазақ КСР КП(б) Қарағанды облыстық комитетінің Бюросы «Қарағанды қалалық комитеті, «Советтік Қарағанды» газетінің редакциясы және жазушылар Одағының облыстық бюросының 1943 жылы 14 тамыз күні Қарағанды қаласында облыстық Қазақ драма театрында Балқаш пен Қарағанды қаласының халық ақындарының айтысын өткізу» туралы ұсынысын қабылдайды.  Облыстық айтысқа Балқаш, Жезқазған және Қоңырат кентінен өкілдер барып, қатысады. Қарағандының байырғы тұрғындары сол кезде радиодан берілген Шашубай мен Көшен Елеуовтің сайысын осы күнге дейін ұмытпаған.  Сөз өнерінің екі шеберінің  айтысы, Балқаш пен Қарағанды қалаларының кәсіпорындарының жұмыс нәтижесінің байқауы сияқты өткен.
     1943-1945  жылдары айтыс Балқаш, Жезқазған және Қоңыратта да өткізілген. 1944 жылы 17 тамыз күні  Балқаш қаласында  Шашубай мен жезқазғандық ақын Болман Қожабековтың арасында соғыс кезіндегі ең өткір айтыс өткізілді. 1945 жылдың сәуір айында Шашубай мыс қорыту зауыты мен Қоңыраттың жас ақындарының арасында айтыс ұйымдастырып, оған Бану Дүйсембаева, Рәш Абдрахманова және Есмұрат Сыздықов қатысды.
     1949 жылы наурыз айында Шашубай қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеу қаласында өткен он күндігіне қатысады.
      Шашубай қатты қартайғанша өзінің жас кезіндегідей көңіл күйінде қалды. Көрермендер алдындағы өнерін ол бірінші «Сөйле, Шашеке!» деген сөзбен бастайтын.
     Қошқарбаев  Шашубай  халықтық қазақ поэзиясына  өзінің өлшеусіз еңбегін енгізді. Әдебиет саласындағы үлкен еңбегі үшін  1941 жылы оған, Қазақ КСР-ның  Жоғары Кеңесінің Жарлығымен "Қазақ КСР-ның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді. Шашубай шығармашылық еңбегі үшін «Құрмет Белгісі» орденімен, «1941 -1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медалымен, "Түсті металлургиядағы социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен және Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Ақынның тірі кезінде «Сөйле, Шашеке!» деп аталатын өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрді.  Ақынның құрметіне Қарағандыдағы бір көшеге, Балқаш қаласындағы  мөлтек ауданға  және Ақтоғай ауданындағы  бір елді мекенге оның аты беріліп, дала ақынының мүсіні орнатылған.
     Шашубай  1952 жылы 4 мамырда дүниеден озды. Ақын Бектауата баурайында жерленген, бейітінің басында мемориалдық тақта орнатылған. Ақынның жарқын бейнесі халық есінде мәңгі сақталмақ және оның өлеңдері ешқашан ұмытылмайды.
 

Дерек 1990 жылы Шашубай Қошқарбаевтың 125 жылдығына арнап Г.Макарова, Г.Макашева, Т.Оразалинаның «Певец двух эпох» мақалалары бойынша  шығарылған  кітапшадан алынды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Шашубай Қошқарбайұлы / Құрас.: Башаров, Ж. – Балқаш, Балқаш баспаханасы, 1990. – 46 б.
2.  Қашқынов, Ж. Атыңнан айналайын ата мекен / Ж.Қашқынов. – Алматы: Жібек жолы, 2002. – 47-55 б.
3. Балқаш. Тарих беттері / Құрас.: Жаксенова,Н., Исабекова., Сәкенова,Р. – Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 54-55,206 б.
4. Ауыл күні // Балқаш өңірі. – 2010. – 15 қыркүйек(№110). – 1 б.
5. Даланың дауылпаз жыршысы // Балқаш өңірі. – 2010. – 17 қыркүйек(№112). – 4 б.
6. Жүнісұлы, О. Арқада кім тумаған өнер кернеп / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. – 2010. – 18 қыркүйек(№151-152). – 4 б.
7. Кәрім, Н. Арқада бір той өтті / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2010. – 1 қазан(№117-118). – 8 б.
8. Жүнісұлы, О. Ақ қайың жалған-ау, кештім сайран-ау / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. – 2010. – 7 қазан(№162). – 6 б.
9. Башар, Ж. Шандоз / Ж.Башар. – Алматы: ҚАЗақпарат,2011. – 102 б.
10. Ақ қайың, жалған-ау. – Балқаш, «Нұрсая» баспаханасы, 2011. – 147 б.
11. Кәріпбеков, А. Халықтың ортасында жүрген жайнап / А.Кәріпбеков // Балқаш өңірі. – 2012. – 11 қаңтар(№3). – 6 б.
12. Башар, Ж. Тоты / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2012. – 4 шілде(№72). – 4б.
13. Қошқарбайұлы, Ш. Шашубай / Ш.Қошқарбайұлы. – Алматы: «Ана тілі», 2012. – 168 б.
14. Башар, Ж. Дәуір үні / Ж.Башар // Айлапат. – 2014. – 17 қазан. - №3. – 51-56 б.
15. Негимов, С. Шашубай Қошқарбайұлы / С.Негимов // Балқаш өңірі. – 2015. – 22 шілде(№59). – 4б.
16. Башар, Ж. Шашубайдың тойы – қазақ елінің тойы / Ж.Башар // Пульс. – 2015. – 24 шілде(№30). – 7 б.
17. Башар, Ж. Жыр арқауы – Шашубай / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2015. – 31 шілде(№82-83). – 5 б.
18. Башар, Ж. Жыр арқауы – Шашубай / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2015. – 31 шілде(№61). – 5 б.
19. Маратұлы, Н. Ақынның тойына әзірлік / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. – 2015. – 3 тамыз(№83). – 1 б.
20. Башар, Ж. Осы жұрт Шашубайды білеме екен? / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2015. – 7 тамыз(№85-86). – 8 б.
21. Байсеркин, Қ. Шашекең халық ақындары ортасында – төрде / Қ.Байсеркин // Балқаш өңірі. – 2015. – 9 қыркүйек(№73). – 5 б.
22. Жүнісұлы, О. Сан қырлы өнердің ақтеңгері / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. – 2015. – 29 қыркүйек(№152). – 6 б.
23. Науанбаев, С. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өткен танымдық сапар / С.Науанбаев // Балқаш өңірі. – 2015. – 28 қазан(№118). – 4 б.
24. Кәріпбайтегі, Ә. Шашубай Қошқарбайұлына / Ә.Кәріпбайтегі // Айлапат. – 2015. -  №3. – 5-8 б.
25. Сейітов, С. Сөйле, Шашеке! / С.Сейітов // Айлапат. – 2015. - №3. – 9-13 б.
26. Қашқынов, Ж. Ақ қайыңды жырлаған қазақ / Ж.Қашқынов // Айлапат. – 2015. - №3 .- 13 б.
27. Сәдуақасов, Қ. Шашубай / Қ.Сәдуақасов // Айлапат. – 2015. - №3. – 14 б.
28. Қошқарбайұлы, Ш. Толғау / Ш.Қошқарбайұлы // Айлапат. – 2015. - №3. – 14-16 б.
29. Бөкен, А. Шашубай / А.Бөкен // Айлапат. – 2015. - №3. – 21 б.
30. Жәңгіров, Ә. Шашекеңді сағындық / Ә.Жәңгіров // Айлапат. – 2015. - №3. – 23 б.
31. Башар, Ж. Ел жүрегінде / Ж.Башар // Айлапат. – 2015. - №3. – 25-26 б.
32. Башар, Ж. Жоғалған ескерткіш / Ж.Башар // Айлапат. - №3. – 27-28 б.
33. Шашубай мен Жамбылдың айтысы // Айлапат. – 2015. - №3. – 29-32 б.
34. Кенен мен Шашубайдың соңғы кездесуі // Айлапат. – 2015. - №3. – 33 б.
35. Тәжібаев, Ә. Шашубай ақынды бұрын мен сырттай білетінмін / Ә.Тәжібаев // Айлапат. - №3. – 34-39 б.
36. Башар, Ж. Тоты / Ж.Башар // Айлапат. – 2015. - №3. – 40-42 б.
37. Шашубай мен Мақсұттың айтысы // Айлапат. – 2015. - №3. – 43 б.
38. Башар, Ж. Дәуір үні / Ж.Башар // Айлапат. – 2015. - №3. – 51-56 б.


Дата редактирования: 31 Наурыз 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика