"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Даревский Сергей Иванович

     Даревский Сергей Иванович 1970 жылы 8 ақпан күні туған. Балқаш қаласындағы №17 орта мектепті бітіріп, Балқаш қалалық телеарна студиясында жұмыс істеді. Ол Ленинград қаласындағы  Театр, музыка және кинематография институтын (театр өнерінің Мемлекеттік  Академиясы) «ТВ-ғы режиссура» мамандығы бойынша бітірді.  Оны бітіргеннен кейін Сергей Иванович Новгород қалалық телеарнасында жұмыс істей бастайды. Губернские подробности” циклінің, “15 декабря”  және “Телевидение - Ностальгия” фильмдерінің авторы және режиссеры. “N-Бюро”, “Лица”, “Агентство расследований” және тағы басқа да жобалардың жетекшісі және қоюшы-режиссеры. Новгород облысындағы басты саяси жаңалықтардың, жарнамалар мен сайлау компанияларының жұмыстарының трансляцияларының, ҰМТРК-ның бірінші тікелей эфирінің және бірінші теледидарлық  бағдарламасының режиссеры. С.Даревский  «Славия» ҰМТРК-ның төрағасының Бірінші орынбасары,  теледидарлық  ақпараттық бағдарламаларының директоры лауазымдарында қызмет жасады. Қазіргі уақытта ЖРМТРК-ның «Славия» ҰМТРК» филиалының директоры.   Сергей Иванович -   “Хрустальный Пегас - 96” премиясының лауреаты,  Москвада өткен аймақтық  телекомпаниялардың  Бүкілресейлік  фестивалінің «За лучшую  авторскую программу» атты Дипломының, теледидарлық бағдарламалардың  Халықаралық фестивалінің бас Жүлдесінің иегері. 
     2016 жылы  24 қарашада «Славия» ҰМТРК-ғы  «События недели» бағдарламасының ұжымы «ТЭФИ-Регион» сайысында жеңіске жетті. XV бүкілресейлік сайыстың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Уфа қаласында өтті. «События недели» бағдарламасы «Лучшая информационно-аналитическая программа» номинациясында жеңіске жетті. 
 

Дата редактирования: 01 Сәуір 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика