Даревский Сергей Иванович 1970 жылы 8 ақпан күні туған. Балқаш қаласындағы №17 орта мектепті бітіріп, Балқаш қалалық телеарна студиясында жұмыс істеді. Ол Ленинград қаласындағы Театр, музыка және кинематография институтын (театр өнерінің Мемлекеттік Академиясы) «ТВ-ғы режиссура» мамандығы бойынша бітірді. Оны бітіргеннен кейін Сергей Иванович Новгород қалалық телеарнасында жұмыс істей бастайды. Губернские подробности” циклінің, “15 декабря” және “Телевидение - Ностальгия” фильмдерінің авторы және режиссеры. “N-Бюро”, “Лица”, “Агентство расследований” және тағы басқа да жобалардың жетекшісі және қоюшы-режиссеры. Новгород облысындағы басты саяси жаңалықтардың, жарнамалар мен сайлау компанияларының жұмыстарының трансляцияларының, ҰМТРК-ның бірінші тікелей эфирінің және бірінші теледидарлық бағдарламасының режиссеры. С.Даревский «Славия» ҰМТРК-ның төрағасының Бірінші орынбасары, теледидарлық ақпараттық бағдарламаларының директоры лауазымдарында қызмет жасады. Қазіргі уақытта ЖРМТРК-ның «Славия» ҰМТРК» филиалының директоры. Сергей Иванович - “Хрустальный Пегас - 96” премиясының лауреаты, Москвада өткен аймақтық телекомпаниялардың Бүкілресейлік фестивалінің «За лучшую авторскую программу» атты Дипломының, теледидарлық бағдарламалардың Халықаралық фестивалінің бас Жүлдесінің иегері.
2016 жылы 24 қарашада «Славия» ҰМТРК-ғы «События недели» бағдарламасының ұжымы «ТЭФИ-Регион» сайысында жеңіске жетті. XV бүкілресейлік сайыстың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Уфа қаласында өтті. «События недели» бағдарламасы «Лучшая информационно-аналитическая программа» номинациясында жеңіске жетті.