Хасенова Тұрсын Бимурзинқызы 1938 жылы 20 маусымда Көкшетау облысында дүниеге келген. 1957 жылы Көкшетау кітапханалық техникумын, кейін 1961 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын кітапханашы - библиограф мамандығы бойынша бітірген.
Тұрсын Бимурзинқызы еңбек жолын 1957 жылы Көкшетау облысы Алексеевка ауылындағы кітапхананың меңгерушісі қызметінде бастады. Институтты бітіргеннен кейін 1961 жылдан 1963 Т.Хасенова Алматы қаласындағы А.Пушкин атындағы Республикалық мемлекеттік кітапханада аға кітапханашы болып жұмыс істеді. Т.Хасенова 1963 жылы Балқаш қаласына қоныс аударып, 1965 жылы Н.Островскийдің есімін алған қалалық кітапханада жұмыс істей бастады (1994 жылдан бастап - С.Сейфуллин атындағы), онда 1968 жылға дейін кітапханашы, оқу залының меңгерушісі, содан кейін кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1968 жылдан 1973жылға дейін Т.Хасенова Балқаш қалалық атқару комитетінің мәдениет бөлімінің инспекторы, 1973 жылдан 1981 Балхаш ауданаралық кинотеатр желісінің кәсіпорнын басқарды, 1981 жылдан 1984 жылға дейін Жезқазған облыстық партия комитетіндегі саяси ағарту үйі кітапханасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1984 жылдың 27 қарашасынан 1994 жылдың 1 ақпанына дейін Т.Хасенова Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры болды.
Т.Хасенованың басшылығы кезінде қалалық кітапханалар балқаштықтарды оқуға белсенді түрде тартып, лекциялар, дебаттар, әдеби кездесулер және т.б. ұйымдастырды, қызметкерлер қалалық іс -шараларға да қатысты, осылай 1984 жылы Металлургтер сарайында (қазіргі М.Хамзин атындағы мәдениет сарайы) Орталық кітапхана жүйесі кең көлемді кітап пен иллюстрациялық көрме жасап, атақты соғыс ардагерлері Қ.Қайсенов, Р.Қошқарбаев, Л.Скалковскимен кездесу өткізді, 1985 жылы Орталық кітапхананың ұжымы «Ұлы Жеңіске 40 жыл» қалалық байқауында 1 орынды иеленді және басқада көптеген шаралар атқарды. Балқаш ОКЖ негізінде кітапханашылардың библиография (1985 ж.) мен өлкетану(1993 ж.) бойынша облыстық семинарлары өткізілді, сонымен қатар (1988) жылы ақылы қызметтерді енгізу басталды. ОКЖ қабырғасында «Ғылым және дін» журналының оқырмандар клубы (1987ж.) В.Высоцкийдің өнер сүйер қауымы «Нерв» (1991) араб тілін үйрену клубы (1991 ж.) және тағы басқады клубтар ашылды. Т.Хасенова 1990 жылы кітапхана - «Сырлас» әдеби - кітапхана (қазіргі № 4 кітапхана-филиалы) ашылуының идеялық шабыттандырушысы және басты ұйымдастырушысы болды, ол тек мемлекеттік тілде қалыптастырылды, филиал жұмысының бұл бағыты қазір де сақталып отыр.
Т.Хасенова көп жылдық адал еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл» толуына орай медальмен және көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қазіргі уақытта Хасенова Тұрсын Бимурзинқызы еңбек демалысында, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.
Мақалалар тізімі:
1. Бағланбек, Е. «Сырласқа» - 20 жыл / Е.Бағланбек // Пульс. – 2010. – 22 қазан (№43). – 6 б.
2. Бақтораз, Е. «Сырластың» сырлы әлемі / Е.Бақтораз // Балқаш өңірі. – 2020. – 18 қыркүйек (№69). 5 б.