"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Әркенов Дәуренбек Мақсұтбекұлы

Просмотров: 1464


     Әркенов Дәуренбек Мақсұтбекұлы 1979 жылы 19 қыркүйекте Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Балқаш қаласының педагогикалық колледжін тәмәмдап, Металлургтер мәдениет сарайындағы (қазіргі М.Хамзин атындағы) «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінде  концертмейстер болып жұмыс істеді және осы ұжымның көркемдік жетекшісі болған. Д.Әркенов 2006 жылы Балқаш қаласынан Қарағандыға қоныс аударды. Облыс орталығына келген соң Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінде, сонымен қатар концерттік бірлестіктің «Әуен» ансамблінің құрамында еңбек еткен. Қазіргі таңда Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арай» ансамблінің көркемдік жетекшісі және Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде оқытушылық қызметін атқарады.
          Д.Әркенов халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері, Кенен Әзірбаев және Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауларының лауреаты, Жүсіпбек Елебеков атындағы II республикалық ән байқауының Гран-при иегері. Дәуренбек Мақсұтбекұлы Германия, Франция, Түркиядағы гастрольдерге қатысып, көрерменді өзінің үздік орындаушылық шеберлігімен тәнті еткен өнер майталманы.
2022 жылдың 25 қазан - Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі аясында ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін Дәуренбек Әркенов мемлекеттік наградамен марапатталды.  
Мақалалар тізімі:
1. Сәденов, Қ. «Алтын қорда» - Дауреннің әні / Қ.Сәденов // Пульс. – 2009. – 4 қыркүйек (№36). – 5 б.
2. Башар, Ж. Дәулескер әнші Дәуренбек / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2011. – 6 мамыр (№51-52). – 2 б.
3. Сарым, М. «Ән серігім» / М.Сарым // Пульс. – 2015. – 10 сәуір (№15). – 6 б.

Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика