"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Струсинская Людмила Леонтьевна

Просмотров: 1352

     Людмила Леонтьевна Струсинская (Вервичкина) 1942 жылдың 21 қаңтарында Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.
     1959 жылы М.Горький атындағы №1 орта мектепті бітірген.
     1959 жылдан 1962 жылғы дейін би үйірмесінде жетекші болып еңбек еткен.
     1963 жылдың қарашасынан бастап №03080 әскери бөлімінің Гарнизон Мәдениет үйінің ансамблінде жұмыс жасаған.
     1964 жылдың қыркүйегінен "Металлургтер" Мәдениет сарайында балетмейстер болып қызмет істеп, сол жылы "Ветерок" хореографиялық ансамблінің негізін қалады. 
   Бірнеше рет қалалық, облыстық, республикалық деңгейде мадақтама қағаздарымен және медальдарымен марапатталды. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Мәдени ағарту кәсіподақ мекемелерінде жақсы жұмыс атқарғаны үшін» БКООК белгісімен (1981,1987 ж.ж) марапатталды.
   1979 жылы «Өнердегі әуесқой жетістіктер үшін» БКООК белгісімен, Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің 2 дәрежелі лауреаты медалімен, «Астана» құрмет медальдарымен марапатталған.
    1999 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді.
    2001 жылы Қарағанды облысы әкімінің "Ең үздік хореограф" атты сыйлығы табысталды.
   2015 жылы Қарағанды облысының әкімінің «Кәсібіне адалдығы үшін»  сыйлығымен марапатталды. Сонымен бірге,  Л.Л.Струсинская еңбек ардагері, «Мәдени ағарту саласының үздігі» атақтарының иегері.
  2015 жылы 12 тамызда Л.Л.Струсинскаяға Балқаш қаласы мәслихатының шешімімен  «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
    2016 жылдың 6 қыркүйегінде өмірден өтті. 

Әдебиеттер тізімі:

1. Маратұлы, Н. Байқаудың бас жүлдесі «Ветерокта» / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. – 2015. – 8 сәуір (№37). – 6 б.
2. Кәрім, Н. Ата Заң – алаштың алтын қазығы / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2015. – 4 қыркүйек (№96-97). – 1 б.
3. Струсинская Людмила Леонтьевна:Қазанама // Балқаш өңірі. – 2016. – 9 қыркүйек (№100-101). – 8 б.

 


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика