"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Төлеутаев Келгенбай Жиенбайұлы

   Төлеутаев Келгенбай Жиенбайұлы 1938 жылы  12 қазанда Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданы «Ұлға» колхозында дүниеге келген.
   Ол 1958 жылы Балқаш қаласының  № 2 техникалық училищесін бітіргеннен кейін, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. 1964 жылы ол  Балқаш қаласына қайтып келеді.  Бала кезінен таныс осы жерде  ол өзінің шығармашылық жұмысына кеңінен ден қойып, мұғалім, музыка танушы және шығармашыл қызметкер ретінде  өзінің шығармашылдық жолының өсуіне көп мүмкіндік алады. Ол оқушылардың музыкалық мектебінің домбыра сыныбында сабақ беріп,оның тәрбиеленушілері  жас музыканттардың Республикалық сайыстарында алтын медальдарды жеңіп алып, лауреат атақтарын алды.
     Балқашта музыкалық бөлімі бар педагогикалық училище ашылғанда, Төлеутаев сонда мұғалім болып ауысады. Сонымен бірге ол металлургтердің Мәдениет сарайында еңбек етіп, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысушылардың қатарынан  «Сары-Арқа» қазақ ансамблін құрып, ол ансамбльге 1970 жылы халық ансамблі атағы беріледі. Ол осы Балқаш қаласында өзінің күшін сазгер ретінде сынға сала бастайды. Ансамбльдің мүшелері оның күйлері  мен металлургтер, балықшылар, құрылысшылар туралы және біздің қаламыздың жастары туралы  шығарған әндерін орындайды. 
    К.Төлеутаевтың Балқаш қаласындағы өмір кезеңі оның шығармашылық қызметінің сан қырлылығы мен мазмұндылығы жағынан ерекшеленді: ол Абай атындағы № 2 орта мектептің көркемөнерпаздар үйірмесіне басшылық жасап, «Знание» қоғамының белсенді лекторы болды және қазақ музыка өнерінің классиктері мен туған жерінің таланттары туралы республикалық, облыстық, қалалық газеттерге мақалалар жазды.   
   1972 жылы ол Балқаш өңірінің қазақтарының музыкалық фольклорын зерттеп, жинастыру бойынша жұмыстар жүргізді. Ол әр түрлі адамдармен кездесіп, олардың орындаған  шығармаларын  үнтаспаға түсіріп, содан кейін оны қағазға жазып, жергілікті халық арасында қызығушылық туғызатын әндер мен күйлерді халық шығарамашылығы мен мәдениетінің алтын дәніндей  көпшілік арасына кеңінен таратты. 
  Осы жиналған материалдарды  К.Төлеутаев  Ташкент қаласындағы Ниязи Хаким-заде Хамза атындағы өнертану институтында кандидаттық диссертация қорғаған кезінде негізге алды. К.Төлеутаев «Балқаш аймағының ән мұрасы", "Песенный фольклор Прибалхашья" кітаптарының авторы.
  1982 жылы ол республикалық Ғылым Академиясына қарасты М.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтының аспирантурасын бітіріп, «Балқаш өңірі қазақтарының музыкалық фольклоры» тақырыбында диссертация қорғады. 1983-1993 жылдары КСРО сазгерлер Одағының мүшесі болды
    К.Төлеутаев «КазКСР ағарту үздігі» (1981), «ҚР өнеріне еңбегі сіңген қайраткер» (1998) атақтарын алып, Қазақстан Республикасы білім беру Министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. К.Төлеутаевтың осы атқарған жұмыстары – оның туған жер мен оның адамдарына деген махаббатының, олардың рухани және мәдени өміріне деген үлкен сүйіспеншілігінің куәсі.
    Төлеутаев Келгенбай Жиенбайұлы 2001 жылы өмірден озды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Төлеутаев, К. Балқаштың музыка байлығы / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1974. – 3 қаңтар.
2. Төлеутаев, К. Шәкірттер көгілдір экранда / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1974. – 22 наурыз.
3. Төлеутаев, К. Сахнаға қалай шықты? / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1974. – 7 қыркүйек.
4. Төлеутаев, К. Алты күйдің авторы / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1975. – 3 қаңтар.
5. Төлеутаев, К. Ансамбль әншісі / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1975. – 5 мамыр.
6. Төлеутаев, К. Жас музыканттар оқып жүр / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1975. – 13 қараша.
7. Төлеутаев, К. Ансамбльдің жаңа программасы / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1976. – 23 наурыз.
8. Төлеутаев, К. Халық театрының режиссеры / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1976. – 15 сәуір.
9. Төлеутаев, К. Училищедегі игілікті істер / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1976. – 13 қыркүйек.
10. Төлеутаев, К. Күймен тербеп даланы / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1978. – 8 наурыз(48). – 14 б.
11. Төлеутаев, К. Әнші әже / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1979. – 26 мамыр.
12. Төлеутаев, К. «Айдын» ансамблі / К.Төлеутаев // Социалистік Қазақстан. – 1981. – 31 қаңтар.
13. Төлеутаев, К. Дирижер / К.Төлеутаев // Қазақ әдебиеті. – 1981. – 11 тамыз.
14. Төлеутаев, К. Балқаш аймағының халық әндері / К.Төлеутаев // Жалын. – 1981. - №3.
15. Төлеутаев, К. Балқаш өңірінің өнерпаздары / К.Төлеутаев // Мәдениет және тұрмыс. – 1982. – мамыр(№5).
16. Төлеутаев, К. Қазақ музыкасының алыбы / К.Төлеутаев // Ленин жолы. – 1983. – 1 наурыз(№26). – 1 б.
17. Төлеутаев, К. Жаңа оркестр / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1983. – 23 шілде(№141). – 1 б.
18. Төлеутаев, К. Өнерлі ауылдың өрені / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1983. – 11 қараша.
19. Төлеутаев, К. Лекция-концерт / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1983. – 21 желтоқсан.
20. Төлеутаев, К. Білім мен өнер ордасы / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1983. – 30 желтоқсан.
21. Төлеутаев, К. Өнер жарысы / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1984. – 27 наурыз.
22. Төлеутаев, К. Табысты оралды / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1984. – 23 маусым.
23. Төлеутаев, К. Қалықтады ән мен күй / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1985. – 23 наурыз.
24. Төлеутаев, К. Дұрыс көтерілген мәселе / К.Төлеутаев // Қазақстан мектебі. – 1985. - №3.
25. Төлеутаев, К. Асқақ әнді әуелеткен / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1986. – 20 наурыз.
26. Төлеутаев, К. Ұлттық фольклорға үлес / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1986. – 15 мамыр.
27. Төлеутаев, К. Танылған талант / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1987. – 11 қаңтар.
28. Төлеутаев, К. Жетісудың музыкалық байлығы / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1987. – 14 ақпан. – 4 б.
29. Төлеутаев, К. Жиырма екі ән / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1987. – 16 ақпан.
30. Төлеутаев, К., Мұстафин, Б. Халық мұрасы – оқу программасында / К.Төлеутаев., Б.Мұстафин // Бастауыш мектеп. – 1987. - №9.
31. Төлеутаев, К. Гүлдер ансамблі Талдықорғанда / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1988. – 3 наурыз.
32. Төлеутаев, К. Қазақ музыкасының әйгілі зерттеушісі / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1988. – 29 мамыр.
33. Төлеутаев, К. Жүректен шыққан әсем ән / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1988. – 23 қазан.
34. Төлеутаев, К. «Айдын» ансамблі / К.Төлеутаев // Жезқазған туы. – 1988. – 25 желтоқсан.
35. Төлеутаев, К. Әсем әуен, сұлу саз / К.Төлеутаев // Октябрь туы. – 1989. – 13 қаңтар.
36. Төлеутаев,К., Козячкина, Е., Фольклорлық практиканың маңызы / К.Төлеутаев, Е.Козячкина // Қазақстан мектебі. – 1990. - №7.
37. Төлеутаев, К. Жетісу өнерпаздарының Қытайға сапары / К.Төлеутаев // Жерұйық. – 1991. – 5 ақпан.
38. Белғондинова, Г. Композитор аға – бізде қонақта / Г. Белғондинова // Талдықорған. – 1992. – 13 маусым.
39. Төлеутаев, К. Мұқаң – музыка өнерінің мақтанышы / К.Төлеутаев // Талдықорған. – 1993. – 6 ақпан.
40. Төлеутаев, К. Қазақ музыкасының үш алып зерттеушілері / К.Төлеутаев // Талдықорған. – 1993. – 5 мамыр.
41. Төлеутаев, К. Ортақ мақтанышымыз / К. Төлеутаев // Жерұйық // 1993. – 27 мамыр.
42. Төлеутаев, К. Өмірқұл,Н., Ұлттық би өнерінің мақтанышы / К.Төлеутаев, Н.Өмірқұл // Жерұйық. – 1993. – 17 шілде.
43. Төлеутаев, К. Шығармашылық құдірет / К.Төлеутаев // Жерұйық. – 1993. – 22 шілде.
44. Төлеутаев, К. Жүрек тербеткен әсем саз / К.Төлеутаев // Қазақстан мектебі. – 1993. - №9. – 76 б.
45. Төлеутаев, К. Шәмшімен бірге өткен күндер / К.Төлеутаев // Парасат. – 1993. – 11 желтоқсан(№12).
46. Төлеутаев, К. Домбырамен  күй тартқан американ қызы / К.Төлеутаев // Талдықорған. – 1995. – 18 наурыз.
47. Төлеутаев, К. Сахнада студенттер / К.Төлеутаев // Жерұйық. – 1995. – 15 сәуір.
48. Төлеутаев, К. Композитордың музыкалық тағлымы / К.Төлеутаев // Талдықорған. – 1995. – 19 сәуір.
49. Төлеутаев, К. Қазақ музыкасының мақтанышы / К.Төлеутаев // Жерұйық. – 1995. – 25 сәуір.
50. Төлеутаев, К. Қазақ өнерінің мақтанышы / К.Төлеутаев // Жерұйық. – 1995. – 2 маусым(№51). – 1 б.
51. Төлеутаев, К. Қазақ өнерін қадірлеген американ қызы Керри домбырада күй тартып, ән айтады / К.Төлеутаев // Егемен Қазақстан. – 1995. – 8 маусым.
52. Алыбаев, Т. Зерттеуші / Т.Алыбаев // Жерұйық. – 1995. – 25 шілде.
53. Төлеутаев, К. Қабырғамыз қайысатын / К.Төлеутаев // Талдықорған. – 1995. – 12 тамыз.
54. Төлеутаев, К. Ән көңілдің қанаты / К.Төлеутаев // Жерұйық. – 1995. – 5 қыркүйек.
55. Төлеутаев, К. Әншіге арналған кеш / К.Төлеутаев // Жерұйық. – 1995. – 7 қараша.
56. Төлеутаев, К. Есімі ел есінде / К.Төлеутаев // Талдықорған. – 1996. – 14 мамыр.
57. Төлеутаев, К. Жас өнерпаздар қуанышы / К.Төлеутаев // Жерұйық. – 1996. – 30 шілде.
58. Төлеутаев, К. Үшінші Розаның әншілік құдіреті / К.Төлеутаев // Талдықорған. – 1996. – 2 тамыз.
59. Төлеутаев, К. Саз сабағындағы селкеуліктер / К.Төлеутаев // Қазақстан мектебі. – 1996.- №6.
60. Алыбаев, Т. Халық мұрасын зерттеуші / Т.Алыбаев // Қазақстан мектебі. – 1996. - №11.
61. Төлеутаев, К. Әніңді айтып еске аламыз өзіңді / К.Төлеутаев // Талдықорған. – 1996. – 27 желтоқсан.
62. Төлеутаев, К. Университеттегі тәрбиелік жұмыстар / К.Төлеутаев // Жерұйық. – 1997. – 17 сәуір.
63. Төлеутаев, К. Ғұламаның қолына су құйып едім / К.Төлеутаев // Жерұйық. – 1997. – 27 сәуір.
64. Төлеутаев, К., Алыбаев Т., Қоғам қызметі ілгерлеуде / К.Төлеутаев., Т.Алыбаев // Қазақстан мектебі. – 1997. - №4(сәуір).
65. Төлеутаев, К. Музыкалық фольклористика кеше және бүгін / К.Төлеутаев // Талдықорған. – 1999. – 2 қыркүйек.
66. Төлеутаев, К. Мұқан Төлебаев және оның қазақ музыкасына қосқан үлесі / К.Төлеутаев // Орталық Қазақстан. – 1999. – 6 қараша.
67. Төлеутаев, К. Қазақ өнерінің тамаша зерттеушісі / К.Төлеутаев // Көксу. – 1999. – 18 қараша.
68. Төлеутаев, К. Хор өнерінің негізін қалаушы / К.Төлеутаев // Жетісу. – 1999. – 16 қараша. – 1 б.
69. Төлеутаев, К. Ағалар сенімін ақтаған сияқтымын / К.Төлеутаев. – 2000. – 21 қаңтар.
70. Төлеутаев, К. Алыптар арасында да Мәлғаждар ағаның орны бөлек еді / К.Төлеутаев // Талдықорған. – 2000. – 17-23 қараша.
71. Төлеутаев, К. Академик, ректордың өнердегі тағлымы / К.Төлеутаев // Жетісу. -–2001. – 20 қаңтар. – 7 б.
72. Жүнісұлы, О. Келбеті, өнері келіскен Келгенбай еді / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. – 2004. – 24 ақпан(№16). – 3б.
73. Әлішев, А. Жақсының аты өлмейді / А.Әлішев // Балқаш өңірі. – 2011. – 13 шілде(№78). – 6 б.
74. Мақсұтұлы, Қ. Саз әлемінің сардары / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2013. – 8 қараша(№45). – 7 б.
75. Алишев,А. Ел құрметіне бөленген азамат / А.Алишев // Балқаш өңірі. - 2018. - 21 қыркүйек (№ 84). - 6 б.

 


Дата редактирования: 31 Наурыз 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика