"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Қойшыманов Тұғырыл

Просмотров: 35

 

    Қойшыманов Тұғырыл 1915 жылы 30 қазанда Семей облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1933 жылы  7 жылдықты бітіргеннен кейін  бастады. Т.Қойшыманов  елу мың комсомолдықтардың қатарында Түрксібке жіберіліп, сол жерде 1937 жылға дейін жұмыс істеді. 1937 жылы Балқаш қаласына келіп, Балқаш мыс қорыту зауытының теміржол цехында жұмыс істей бастады. Ол 1939 жылы комсомол ұйымының хатшысы болып сайланды. 1941-1942 жылдары  теміржол цехында мөлшерлеуші болып қызмет атқарды. 1943 жылы КОКП мүшелігіне қабылданды, ал 1943 - 1946 жылдары Балқаш қалалық комсомол комитетін басқарды. Содан кейін, 1946 жылдан бастап Т.Қойшыманов Шығыс - Қоңырат руднигінде, балық зауытында партия ұйымдастырушысы болды. Қызметін жасай жүріп Қарағанды ​​педагогикалық институтын бітірді. 1954 - 1956 жж.  қайтадан Балқаш қалалық комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. 1956 жылдан бастап «Прибалхашстрой» тресінде шаруашылық жұмыстарында, содан кейін темірбетон зауыты директорының орынбасары лауазымында  еңбек етті. Т.Қойшыманов зейнетке шыққаннан кейін Балқаш тау-кен металлургия зауытының мұражайын басқарды. 
    Өндірістік қызметпен қатар, 1938 жылдан бастап Т.Қойшыманов әдеби шығармашылықпен де айналысты, алдымен  қалалық газеттерге әртүрлі тақырыптағы мақалалар, фельетондар,  очерктер жазды. Кейін  «Жарқын ойлы жандар» (1961), «Қоңырат бөктерінде» (1967), «Тынымсыз жандар» (1971), «Ар алдындағы айқаста» (1985), «Молибден туралы шындық»  (1992) атты кітаптарын жазды.  Шығармаларының басты   кейіпкерлері Балқаш қаласының алғашқы құрылысшылары, металлургтері, кеншілері, балықшылары болды.
   Т.Қойшыманов  көп жылғы адал еңбегінің жемісіне «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен, БЛКЖО орталық комитетінің, Казсовпрофтың, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және басқа да белгілермен марапатталды.
   Тұғырыл Қойшыманов 1991 жылы 17 қыркүйекте дүниеден өтті.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қойшыманов, Т. Жарқын ойлы жандар / Т.Қойшыманов. – Алматы:  «Қазақ Мемлекет» баспасы, 1961. – 130 б.
2. Қойшыманов, Т. Қоңырат бөктерінде / Т.Қойшыманов. – Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1967. – 144 б.
3. Қойшыманов, Т. Тынымсыз жандар / Т.Қойшыманов. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 1971. – 78 б.
4. Қойшыманов, Т. Ар алдындағы айқаста / Т.Қойшыманов. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 1985. – 159 б.
5. Қойшыманов, Т. Молибден туралы шындық / Т.Қойшыманов. – Алматы: «Қазақстан», «Шапағат», 1992. – 69 б.

 

 


Дата редактирования: 05 Тамыз 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика