Кушниров Пётр Елисеевич 1944 жылы Украинадағы Днепропетровск облысы Никополь қаласында дүниеге келген. «Прокаттық өндіріс» мамандығы бойынша металлургиялық техникумды алтын медальмен бітіреді. 1962 жылы Балқаш кен металлургиялық комбинатының Түрлі түсті металдар өңдеу зауытына жұмысқа тұрады.
П.Кушнировтың еңбек жолы өте қызықты, табысқа толы жылдар:
- 1962 - 1963 жылдары №3 цехта вольцовщик көмекшісі
- 1963 - 1964 жылдары зауыттың орталық зертханасында құйма құюшы инженер, БКМК Түрлі түсті металдар өңдеу зауытының Вайербарлық цехындағы зертханада аға инженер
- 1964 - 1967 жылдары Свердловск қаласындағы Уральск әскери аймағында лаборант
- 1967 - 1969 жылдары Түрлі түсті металдар өңдеу зауытының орталық зертханасында 6-шы санатты лаборант
- 1969 - 1972 жылдары БКМК «Металлург» МС директоры
- және көркемдік жетекшісі
- 1972 - 1979 жылдары Түрлі түсті металдар өңдеу зауытының сырмалау цехында инженер-технолог
- 1979 - 1980 жылдары БКМК «Металлург» МС көркемдік жетекші
- 1980 жылдары №7 Түрлі түсті металдар өңдеу зауытының прокат цехында инженер-технолог
- 1980 - 2012 жылдары «Балқаштүстімет» ӨБ өнім өткізу бөлімінің бастығы
- 2012 - 2015 жылдары «Қазақмыс» Корпорациясының өнім сату қызметінің маманы
- 2015 жылдан бастап «Казминералс» ЖШС бақылау және талдау Басқармасының маманы
П.Кушниров металлургиялық өндірістен қол үзбей, Ленинград қаласындағы театр, кинематография және музыка мемлекеттік институтын «Театровед» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
П.Кушниров 1964 жылы Балқаш халық театрының құрамында Мәскеу қаласындағы Кремльдің сахнасында «Степное зарево» – атты спектакльде басты рольде ойнап, сонымен бірге көп актілі «Платон Кречет», «Трибунал», «Одна береза знает», «И смолкли птицы», «Спроси когда-нибудь у трав», «Плутни Скапена» пьесаларын қойған.
1981 жылы Н.Островский атындағы ОКЖ-де (қазір С.Сейфуллин атында) өнер жөніндегі көркем әдебиет секторындағы «Клуб любителей прекрасного» клубының және «Прибой» әдеби бірлестігінің мүшесі болды, «Горизонты знаний» үйірмесінің жүргізушісі болып, кітапханада өтетін іс-шаралардың барлығына белсенді түрде қатысты.
1970 жылдан бастап, осы уақытқа дейін П.Е.Кушниров «Мәңгілік от» басында өтетін қаралы шеру кезінде Р.Рождественскийдің «Реквиемін» оқиды. Оның мақпалдай жұмсақ даусы мен ерекше үні балқаштықтарға етене таныс.
П.Кушнировтың шығармашылығының басты тақырыбы Балқаш қаласы болып табылады, ол осы қаланың тарихы, онда тұратын тұратын адамдардың өмірі жайлы өлеңдер жазады. Ол Балқаш қаласының Гимнын жазған авторлардың бірі, «Балхаш-ТВ» телеканалындағы қаланың тарихы мен атаулы орындар «Четверть часа для души» теле жобасының авторы және жүргізушісі. «Ардагер» клубының белсенді мүшесі.
П.Кушниров «Ерен еңбегі үшін» (2016ж.) медалымен марапатталған.
2019 жылдың 3 қазан Кушниров Пётр Елисеевич өмірден озды.
1. Петр Елисеевич Кушниров: қазанама // Балқаш өңірі. – 2019. – 4 қазан(№75). – 7 б.