"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Іс-шаралар тізімі

Мұрағат

Сардарбекова Күләш Ыбыжанқызы

      Сардарбекова Күләш Ыбыжанқызы 1937 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының «Береке» ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.

    Күләш Ыбыжанқызы өзінің еңбек жолын 1956 жылы Балқаш қаласының Красный Октябрь кентіндегі №5 мектепте бастаған.

     1959 жылдан 1971 жылға дейін ісжүргізуші болып жұмыс істеп, 10 жыл Балқаш қаласы АХАЖ бюросының меңгерушісі, сонымен бірге Балқаш телеорталығының жүргізушісі болып қызмет атқарды.

    1972 - 1985  жылдары Күләш Ыбыжанқызы Балқаш қаласының тарихи мұражайының іргесін қалауға ат салысып, 13 бойы осы мұражайдың директоры болып еңбек етті.

      1985 - 1988 жылдары қалалық мәдениет бөлімін басқарды.

    1988 - 1990 жылдары Тоқырауын ауданы базасында өткен мәдени қызмет жасау жөніндегі республикалық тәжірибеге басшылық жасады.

    1991 - 1992 жылдары К.Сардарбекова «Балқаш өңірі» аймақтық газетінің ұйымдастырушысы болып, соңынан осы газеттің редакциясында бөлім басқарды.

    1993 жылы Тоқырауын аудандық әкімшілігінің  ішкі саяси бөліміне басшы болып тағайындалып, осы қызметті 1997 жылға дейін істеді.

    К.Сардарбекова: «Ахметжан Сармантайұлы» және «58-статья зарзаман», «Хасен Бижанұлы» кітаптарының авторы. К.Ыбыжанқызының өлке тану туралы 300-ден астам мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жарияланған.

  К.Сардарбекова жазушы Ю.Г.Попов пен геолог Н.П. Русаковтың Санкт-Петербургте тұратын отбасы мүшелерімен көп жыл бойы тығыз қарым-қатынаста болды.

    Күләш Ыбыжанқызы 80-ші жылдары Балқаш қалалық халық депутаттары Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды. Ол бұрынғы КСРО, Қазақстан Республикасының журналистер Одағының мүшесі, халық шығармашылығы Бүкілодақтық фестивалінің лауреаты, белгілі тарихшы әрі өлке танушы, сан қырлы еңбекқор жан.  

Әдебиеттер тізімі:

1. Сардарбекова, К. Алғашқы мысшылар // Балқаш өңірі.

2. Сардарбекова, К. Өз байрағымыз болған / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 1992. – 11 ақпан(№17). – 4б.

3. Сардарбекова, К. Сағындым мен көз көргенді / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 1992. – 14 наурыз(№19). – 2б.

4. Сардарбекова, К. Көше – Күләш Байсейітова атында / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 1992. – 8 мамыр(№54-55). – 3б.

5. Сардарбекова, К. Алғашқы мысшылар / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 1998. – 10 қараша(№89). – 2б.

6. Мақсұтұлы, Қ. Бабалар аманатын әспеттеген елміз / Қ.Мақсұтұлы // Балқаш өңірі. – 1998. – 22 желтоқсан(№102). – 5б.

7. Сардарбекова, К. Өткеннен мұра / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 1999. – 12 қаңтар(№3). – 4б.

8. Сардарбекова, К. Ұлттық санаға өзекті өмір / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 1999. – 27 шілде(№59). – 4-5б.

9. Сардарбекова, К. Әкелер жүріп өткен жол / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 2000. – 5 мамыр(№36). – 7б.

10. Сардарбекова, К. Ән әлеміндегі асқақ үн / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 2001. – 25 шілде(№50). – 6б.

11. Сардарбекова, К. Арман қала / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 2001. – 01 тамыз(№63). – 2б.

12. Сардарбекова, К. Сахна саңлағы / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 2001. – 8 тамыз(№63). – 6б.

13. Сәнеке ата. 58- статья зарзаман / Сәнеке ата // Балқаш өңірі. – 2008. – 30 мамыр(№43). – 4б.

14. Сардарбекова, К. Екі ғасыр куәсінің өсиеті / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 2008. – 28 қараша(№95). – 5б.

15. Сардарбекова, К. Асылдың сынығындай, тұлпардың тұяғындай / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 2009. – 11 ақпан(№17). – 3б.

16. Сәденов, Қ. Астана – мың жылдық тарихы бар қала / Қ. Сәденов // Пульс. – 2009. – 24 шілде(№30). – 5б.

17. Қызылтас, Қ. «Қаламгер» - 10 жаста / Қ.Қызылтас // Пульс. – 2012. – 23 наурыз(№12). – 4б.

18. Сәденов, Қ. Рух пен тілдің ұстыны / Қ.Сәденов // Пульс. – 2012. – 27 сәуір(№17). – 4б.

19. Сардарбекова, К. Менің сүйікті газетім / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 2012. – 27 сәуір(№45-46). – 4б.

20. Сардарбекова, К. «Балқаш жұмысшысы» газеті туралы ой / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 2012. – 7 қыркүйек(№71). – 6б.

21. Сардарбекова, К. Болат құстың кеудесінде (Бейімбет Майлиннің естеліктері) / К.Сардарбекова // Орталық Қазақстан. – 2017. – 14 ақпан(№18). – 4б, 18 ақпан(№20). – 6б.


Дата редактирования: 25 Қаңтар 2020