"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Хамзин Мағауия

Просмотров: 2134

 

     Мағауия Хамзин Қазақстан Республикасының  халық артисі, шертпе күйдің шебері, қаламыздың құрметті азаматы 29 желтоқсан 1927 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
   Мағауия Хамзин жеті жасында халық композиторы Әшімтай атасынан “Қоңыр қаз”, “Сылқылдақ”,“Саржайлау” күйлерін үйренеді. «Қосбасар” атты алғашқы күйін анасына арнап шығарады.
      М.Хамзин 10 жасында Алматыда өткен өнерпаз оқушылардың байқауына қатысып, бірінші рет халық алдына шығады. Мағауия Хамзин 17 жасының өзінде-ақ,  Қарағанды филармониясында күйші-артист болып жұмыс істейді.
     М.Хамзиннің бойындағы тума талант ұшқынын байқап қалған, А.Жұбанов  оны Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ оркестріне шақырып алады. М.Хамзин бір жыл Чайковский атындағы музыкалық училищеде оқып, соңынан консерваторияға ауысады. Бірақ өмір ауқымына байланысты, Мағауия оқуын аяғына дейін бітіре алмай, жұмысқа түседі.
     Осы кезеңде 1954-59 жылдары Мағауия Балқаш қаласының Мәдениет сарайының жанында ұлт аспаптарынан музыкалық  оркестр ұйымдастырып, Москвада өткен Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестиваліне қатысады. Осының алдында бұл оркестр Республикалық конкурстың лауреаты атағын алады.
     Мағауия  Хамзин 1961 жылы жаңадан құрылған Қазақтың Мемлекеттік “Қазақконцерт” бірлестігіне жұмысқа орналасады. Шертпе күйдің шебері М.Хамзин  өнер саңлақтары  Жүсіпбек Елебеков, Шара Жиенқұлова, Роза Бағлановалармен бірге республикамыздың түкпір-түкпірінде өнер көрсетеді.
   1966 жылы Мағауия Хамзин өнердегі ерен  еңбегі үшін,  Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі атанып, 1979 жылы Қазақ КСР-інің халық артисі деген құрметті атаққа ие болды.
    Қазақстанның қай бұрышында болмасын Мағауия шертпе күймен бірге, В.Моцарт, В.Монти, М.Огинский, П.Чайковский, К.Хачатурян, С.Рахманинов, И.Брамстың  классикалық шығармаларын домбырада ойнаған. Сонымен бірге, Индия, Полъша, Латвия, Қытай, Сирия, Монғолия, Германия, Венгрия, Канада сияқты шетелдің талғампаз көрермендерінің алдында қос ішекті домбырасын оркестрдей ойнатып өнер көрсеткен.
      Мағауия Хамзин күй құты қонған күйші, танымал сазгер, ол “Жарыс”, “Көкек”, “Жайлау”, “Тоқырау толғауы”, “Белгісіз солдат”, “Алтын астық”, “Шопан күйі”, “Космонавтар”, “Амангелді”, “Жас қазақ”, “Тоғысу”, “Жамбыл толғауы”, “Балқаш толқыны” күйлерін шығарып, Абайдың төрт әніне және үнді халық әндеріне  попурилер жазған.
     1988 жылы “Қазақконцерт”  бірлестігінен  құрметті зейнет демалысына шыққаннан кейін, Мағауия Хамзин туған жері Балқашқа келіп, өзінің өнер мектебін ашып, көптеген шәкірттер тәрбиеледі.
     1998 жылы 4 наурызда Мағауия Хамзинге Балқаш қалалық мәслихат-депутаттар жиналысының шешімімен “Балқаш қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.
    1999 жылы 27 қазанда Мағауия Хамзинге тағы бір жаңа атақ: Алматы консерваториясының Құрметті профессоры атағы берілді.
      2000 жылы 19 желтоқсанда Балқаш қаласы Әкімінің №997/12 шешімімен Металлургтер Мәдениет сарайына Мағауия Хамзиннің аты берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қашқынов, Ж. Тоқырауында туған талант // Жезқазған туы. – 1988. – 8 қаңтар.
2. Бекова, К. Өнерпаздар сайысы // Балқаш өңірі. – 1992. – 20 сәуір.
3. Омарұлы, М. Мағауия өнерінің мұражайы болса // Балқаш өңірі. – 1992. – 29 қыркүйек. - №118.
4. Башарұлы, Ж. Композитормен өткен кездесу // Балқаш өңірі. – 1992. – 3 желтоқсан. - №144.
5. Есмағамбетов, А. Күй қанатында // Балқаш өңірі. – 1993. – 29 мамыр. - №62.
6. Домбай, Н. Мағауия мақамы // Егемен Қазақстан. – 1994. – 3 тамыз.
7. Нөкербекова, Қ. Мағауия Хамзин – 70 жаста // Балқаш өңірі. – 1997. – 1 қазан.
8. Қашқынов, Ж. Дәулескер күйші // Балқаш өңірі. – 1998. – 10 қаңтар.
9. Сәдуақасқызы, Ә. Күй киесі қалған // Алматы ақшамы. – 1998. – 26 қаңтар.
10. Өнердің көзі жатыр тұлғасында // Балқаш өңірі. – 1998. – 4 ақпан.
11. Мағауияның күй әлемі XXI ғасырға қанат қақты. – 1998. – 18 ақпан.
12. Мұстафин, С. Шертпе күйдің шебері // Сырлас. – 1999. – 19 қыркүйек.
13. Әбдуалиева, А. «Күй құдіреті» күйшілердің байқауы // Балқаш өңірі. – 1999. – 30 қыркүйек.
14. М.Хамзиннің отбасына көңіл айту // Балқаш өңірі. – 2000. – 2000. – 25 сәуір.
15. Құсайынов, А. Күй өнерінің зергері // Балқаш өңірі. – 2000. – 10 қазан.
16. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. Балқаш, 2000. – 120-122 б.
17. Жармағанбетов, Б. М.Хамзинді алаш мәңгі құрметтейді // Балқаш өңірі. – 2001. – 9 қаңтар.
18. Ермағанбетова, Г. Шертпе күйдің атасы // Балқаш өңірі. – 2001. – 11 шілде.
19. Балқаш өңірі // 2001. – 5 қыркүйек.
20. Балқаш.Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-200,202,215-216 б.
21. Башарұлы, Ж. Ақпарат айдынында (мақалалар мен очерктер). Қарағанды: «Арко», 2007. – 14-17 б.
22. Балқаш. Жасампаз жылдар жетістігі. Балхаш. Хроника событий. Қарағанды: Экожан, 2011. – 18,23-24,31 б.
23. Нұржақынова, А. Күй дүлділі – Мағауия // Балқаш өңірі.
24. Искакова, Н. Мағауия мұрасы // Балқаш өңірі.
25. Сәденов, Қ. Өнері, кәсібі – қасиетті домбыра // Балқаш өңірі.
26. Сардарбекова, К. Шертпе күйдің шебері // Балқаш өңірі.

 


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика