Әбеуов Өміркелді Мұхтарұлы 1948 жылы Қоңырат кентінде дүниеге келген. Бастауыш білімді Қоңырат кентінің Ы.Алтынсарин атындағы №25 мектебінде алып, орта мектепті Тараз қаласының С.Сейфуллин атындағы №7 мектебінде бітірген. Мектепті бітірген соң Қоңырат кентінің карьеріндегі энергиямен қамтамасыздандыру қызметінде жұмыс істейді. 1972 жылы Н.Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесінің театрды сәндеу бөліміне оқуға түсіп, оқу барысында мамандығын суретші-безендірушіге ауыстырады.
1976 жылы училищені бітіргеннен кейін туған қаласы Балқашқа келіп, Қарағанды облысы көркем сурет шеберханасының Балқаштағы филилалында суретші-безендіруші болып жұмыс істей бастайды. Ө.Әбеуов 30 жылдан астам Балқаш қаласында суретші болып істеді, оның еңбектері қаланың оқу, медициналық мекемелері мен мәдени орындарын безендіріп тұр.
Суретшінің жұмыстары бүкілодақтық, республикалық және облыстық көрмелерге қатысып, қазақстан суретшілерінің шығармашылығын шет елдерде Германияда, Румынияда, Чехославакияда көрсетті. Оның ең бірінші «Қоңырат туралы ән» деп аталатын шығармашылық жұмысы Санкт-Петербургтің, Мәскеудің көрмелерінде болып, қазіргі уақытта Алматының республикалық көркем сурет қорында сақталып тұр.
Жаңа астананың тұсауын кесу кесу рәсіміне, Ө.Әбеуов өзінің түкті кілемге салу техникасымен орындаған «Ертең жұма», «Дала туралы баллада» деген жұмыстарымен біздің қаланың атынан барды.
Ө.Әбеуовтың «Жер бетіндегі бейбітшілік үшін» деген триптихы, «Металлургтер», «Ұядан ұшқанда», «Ереуіл атқа ер салмай» атты полотнолары және «Аспан үсті, жер асты» диптихы, тұңғыш космонавт Тоқтар Әубәкіровке арналған «Жаңа ғасыр» гобелені қалалықтарға жақсы таныс.
Әбеуов Өміркелді Мұхтарұлының шығармашылығы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Олар: сурет, сүйек пен ағашқа ою-өрнек салу, шым-ши мен гобелендер дайындау болып табылады. 2007 жылы Қарағанды облысы әкімінің бірінші сыйақысының лауреаты атанып, «Жылдың ең үздік суретшісі» номинациясына ие болды. Ол Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық, республикалық және облыстық көрмелерге қатысушы. Оның жұмыстары Астана және Қарағанды қалаларының музейінде сақтаулы тұр.
2017 жылы 28 тамызда Омеркельде Мухтарович Абеуовке Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен "Балқаш қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Сардарбекова, К. Өнерге ақжол тілейік / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 1993. – 21 қаңтар(№8). – 4 б.
2. Рүстемтегі, Қ. Сахнада сырлы бояу сыр шертіп, ақын жүрек жыр төкті / Қ.Рүстемтегі // Балқаш өңірі. - 1998. - 30 қыркүйек(№74). – 5 б.
3. Мақсұтұлы, Қ. Тәуелсіздік күні – ұлы мейрам / Қ.Мақсұтұлы // Балқаш өңірі. – 1998. – 22 желтоқсан(№101). – 3б.
4. Сардарбекова, К. Өнерге ақжол тілейік / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 1993. – 21 қаңтар(№8). – 4б.
5. Рүстемтегі, Қ. Сахнада сырлы бояу сыр шертіп, ақын жүрек жыр төкті / Қ.Рүстемтегі // Балқаш өңірі. - 1998. - 30 қыркүйек (№74). - 5б.
6. Мақсұтұлы, Қ. Тәуелсіздік күні – ұлы мейрам / Қ.Мақсұтұлы // Балқаш өңірі. – 1998. – 22 желтоқсан(№101). – 5б.
7. Башар, Ж. Өнер құдіреті / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2008. – 21 қараша(№122-123). – 8 б.
8. Балқаш қаласының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы // Балқаш өңірі. – 2017. – 30 тамыз(№97-98). – 1 б.