"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Григорьева Тамара Тимофеевна

Просмотров: 1337

     Григорьева Тамара Тимофеевна  1943 жылы  17 желтоқсан күні Алтай өлкесінде дүниеге келген.  1952 жылдан бастап Балқаш  қаласында тұрады. 1961 жылы №4 орта мектепті алтын медальмен бітірген, содан кейін 1966 жылы Горький қаласындағы суда жүзетін көліктерді техникалық жағынан қадағалау жөніндегі инженер мамандарды  дайындайтын институтқа оқуға түседі. Институтты бітірген соң Омск қаласындағы кемелерді  жөндеу зауытында   инженер-құрастырушы, технолог болып жұмыс істейді.
    1971 жылдан бастап  Балқаш телестудиясында редактор болып қызмет атқарады. Тамара Тимофеевна Қазақ  мемлекеттік  университетінің журналистка факультетіне түсіп, оны сырттай оқып бітіреді де, 1978 жылдан бастап «Балхашский рабочий» газетінің редакциясында редактордың орынбасары болып істейді.
     Содан кейін «Джезказганская правда», «Индустриальная Караганда» облыстық газеттерінің  жекеменшік корреспонденті, «Пульс» газетінің корреспонденті жұмыстарын атқарды.
   Григорьева Тамара Тимофеевна АШЖК-де күміс медальмен (1974ж.), лекторлық жұмыстары үшін, Бүкілодақтық білім қоғамының белгісімен (1988ж.)  марапатталып, «Қазақстанның Құрметті» атағын алды(2009ж.).
     Тамара Тимофеевна  қазіргі таңда Балқаш қаласының  ардагерлер Кеңесінің мүшесі, «Согласие» славян ұлттық-мәдени орталығының төрағасының және мәдени ұйымдардың ардагер қызметкерлерінің  Кеңесінің төрағасының орынбасары қызметінде, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
      Григорьева Тамара Тимофеевна «Карта Гулага», «Сердцем подвиг пережить», «Одноклассники», «Корабелы 66», «Все начинается с любви», «Согласие», «Годы и судьбы» және «Судьбы связанные с Балхашом» электронды кітабы сияқты бірнеше шығармалардың авторы.
     Григорьева Тамара Тимофеевна 2019 жылы 1 желтоқсанында дүниеден өтті.  

Әдебиеттер тізімі:

1. Мақсұтұлы, Қ. Тәуелсіздік  күні – ұлы мейрам / Қ.Мақсұтұлы // Балқаш өңірі. – 1998. – 22 желтоқсан(№112). – 4 б.
2. Григорьева, Т. Жаңа жүздесулер мен кездесулер / Т.Григорьева // Балқаш өңірі. – 2002. – 9 қаңтар(№3). – 2 б.
3. Жандәулетұлы, Н. Тілшілік тірліктің тарланбозы / Н.Жандәулетұлы // Балқаш өңірі. – 2003. – 31 желтоқсан(№116). – 3 б. 
4. Григорьева, Т. Өткендерді құрметтеу, тірілерді ескеру / Т.Григорьева // Балқаш өңірі. – 2017. – 15 наурыз(№29). – 6 б.
5. Балқаш өңірі. – 2019. – 6 желтоқсан (№ 93). – 7 б.
6. Григорьева Тамара Тимофеевна: Қазанама // Балқаш өңірі. – 2019. – 6 желтоқсан (№93). – 4 б.


 


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика