"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Қалиев Тұрсынбек Ағдарбекұлы

Просмотров: 1358

 

    Қалиев Тұрсынбек Ағдарбекұлы  1940 жылы Қарағанды облысындағы бұрынғы Қоңырат ауданының Сарытерек деп аталатын ауылында туған

    Ол 1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Балқаш мыс қорыту зауытының металлургиялық цехына жұмысқа түседі. Т.А.Қалиев өзінің еңбек жолын МБЦ-ның газбан үрлеу қондырғысының машинисінің көмекшілігінен бастайды. Жұмыс істей жүріп, кешкі политехникалық институттың инженер-механик мамандарын дайындайтын факультетін сырттай оқып, оны 1966 жылы бітіреді. Соңынан С.Орджоникидзе атындағы Сібір металлургиялық институтын, инженер-металлург мамандығы бойынша оқып,кәсіби білімділігін одан әрі шыңдай түседі..

     1972 жылы МБЦ-ның кәсіподақ төрағасы болып сайланып, соңынан конвертерлік телімнің ауысым шебері, ауысымның аға шебері және металлургиялық цехтың бастығы және орынбасары қызметтерін атқарады.

    Т.А. Қалиев 1997 жылдан бастап «Балқаштүстімет» ӨБ-нің өндіріс бөлімінің бастығының орынбасары,соңынан осы өндіріс бөлімінің бастығы,  2000 жылдан бастап  өндіріс жөніндегі директор болып істеді.

    2004 жылы 10 қарашада Т.А.Қалиевке Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Драчева, Е. Мамандығы – металлург // Балқаш өңірі. – 1996. – 3 тамыз. - №47.

2. Жандәулет, Н. Металлург мерейі. – Балқаш өңірі. – 2000. – 18 ақпан. - №44.

3. Қалиев, Т. Өмірім комбинатпен біте қайнасып келеді // Балқаш өңірі. – 2002. – 23 тамыз. - №68.

4. Әліпбергенов, М. БКМК-ның тізгіні берік қолда  // Мысты өңір. – 2002. – 15 қазан.

5. Жүнісұлы, О. Мен есіңе ала жүр  / Жүнісұлы О. Қарағанды : «Қарағанды Полиграфиясы» АҚ, 2005. – 11 б.

6. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 200,203 б.

7. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. Балқаш, 2007. – 35-38 б.

8. Драчева, Е. Жоспар алдағы айлар еншісінде.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика