"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Владимир Дмитриевич Нагибин

Просмотров: 1612

     Владимир Дмитриевич Нагибин 1930 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Каменевка ауылында қызметші отбасында дүниеге келген. Ол орта білімді Томск темір жолының Защита станциясының №116 мектебінде алып, оны 1948 жылы бітіргеннен кейін  тау – кен металлургия институтына түсті. Студент бола тұра, практиканың бірінде Балқаш қаласына барып, біздің қаламызбен алғашқы рет танысты.
     1954 жылы институтты бітіріп, түрлі – түсті, сирек және асыл металдар бойынша инженер-металлург дипломын алғаннан кейін, В.Нагибин ұсынылған жұмыс орындарынан Балқаш мыс балқыту зауытын таңдаған. Еңбекқорлығы, білімге ұмтылысы және іскерлік қасиеттерінің арқасында Владимир Нагибин қызметінде тез жоғарылады - учаске бастығы, металлургиялық цехтың аға өндірістік шебері, салынып жатқан цех бастығы, кейін іске қосылған күкірт қышқылы цехының бастығы сынды жоғарғы қызметтер атқарды. 1967 жыл 1971 жыл аралығында БГМК металлургиялық цехын басқарды. 1971 жылы тәжірибелі өндіруші В.Нагибин Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының директоры болып тағайындалды. Ол басқарған жылдар бірқатар жетістіктермен ерекшеленді. Мәселен, 1971-1974 жылдар аралығында Владимир Дмитриевич жоғары күкіртті мысы бар шикізатты тиімді өңдеудің перспективалық негізін қалап, барлық мемлекеттік жоспарлар мен тапсырмалардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ете алды. Осы кезеңде В.Нагибин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, КСРО кеңестік министрлік шаруашылығы басқармасының институтында оқыды. 1975 жылы Владимир Дмитриевич Мәскеу қаласына КСРО Түсті металлургия Министрінің орынбасары лауазымына ауыстырылды. 1979 жылы ҚазКСР түсті металлургия министрі болып тағайындалды. Кейін Вьетнамдағы КСРО Елшілігінің экономикалық кеңесшісі болып жұмыс істеді. 1986 жылы В.Нагибин Вьетнамнан Мәскеуге оралып, 88 жасқа дейін «Гипроцветмет» институтының ғылыми әзірлемелер бойынша кеңесшісі болып еңбек етті. Өзінің жемісті қызметі үшін В. Нагибин Ленин, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. 1969 жылы ол оттегіні қолданумен мыс балқытуды күрт ұлғайту бойынша жаңа технологиялық процестерді енгізгені үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
     Қазіргі уақытта В.Нагибин Мәскеу қаласында тұрады, әлемнің физикалық құбылыстарын зерттеумен айналысады.

 


Дата редактирования: 04 Қазан 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика