"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Бейісов Жылқыбай

Просмотров: 10

 

 

      Бейісов Жылқыбай Бейісұлы  өз өмірінің 55 жылын комбинат өміріне арнады. Жасөспірім кезінде фабрика-зауыт жұмысшыларын дайындайтын  мектепті бітіргеннен соң, 1942 жылы байыту фабрикасына классификаторшының көмекшісі болып орналасады.

     Соғыс жылдарынан кейін де, Ж.Бейісов өзінің жұмыстан қолының босамайтындығына да қарамастан, өзінің жалпы орта білім деңгейі мен кәсіби шеберлігін көтере білді. Кешкі мектепте оқып, толық емес негізгі орта білім алып, соңынан Балқаш кен-металлургиялық техникумының кешкі бөлімінде оқып, бітіреді.

     1960 жылы Ж.Бейісов Москва қаласында өткен коммунистік еңбек екпінділерінің бүкілодақтық слеті - алдыңғы қатардағы еңбеккерлердің жиналысына қатысып, осы слетте ол Алтын Жұлдыз орденін кеудесіне тағып, оған Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі.

   Ол өмір бойы қоғамдық жұмыстармен айналысты. Свердловск қаласында өткен өндіріс үздіктерінің бүкілодақтық слетіне, Варшавада өткен бүкілхалықтық  жұмысшы жастар конференциясына, Гаваньда өткен  жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдарыны қатысты. Бірнеше рет партия мен кәсіподақ комитеттерінің конференцияларына делегат болып сайланды.

   Жетпісінші жылдардың басынан бастап, БКМК-да тәлімгерлер Кеңесі жұмыс істеді, оның да төрағасы  Жылқыбай Бейісұлы Бейісов болды. Бұл ұйым комбинатта кадрлар дайындаудың ұстаханасы болды десе де болады. Осы қозғалысқа қосқан үлесі үшін, Қаз.ССР-ның Президиумының Бұйрығымен Ж.Бейісовке «Қазақ ССР-на еңбек сіңірген жастар тәлімгері» деген атақ берілді.

    Ж.Бейісов Ленин, Халықтар достығы ордендерімен және көптеген медальдармен, сонымен бірге Қазақстан кәсіподақтары ОК-нің, металлургиялық өндіріс кәсіподақтары ОК-нің, облыстық кәсіподақ  және БЛКЖО ОК-нің Құрмет грамоталарымен марапатталған.  

    Зейнеткерлікке шыққан соң, Ж.Бейісов тәлімгерлердің жалпы комбинаттық Кеңесін басқаруға шақыру алып, көп жылдар бойы жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеуге өз үлесін қосты.

     1993 жылы 13 желтоқсанда Жылқыбай Бейісұлы Бейісовке Балқаш қалалық әкімдігінің шешімімен «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қойшыманов, Т. Жарқын ойлы жандар / Қойшыманов Т. Алматы: Қазақстан мемлекеттік баспасы, 1961. – 111 б.

2. Алексеев, Г. Жұмысшы бастамасы – қайнар бұлақ / Алексеев Г. Алматы: Қазақстан,1972. – 17-18 б.

3. Жүнісұлы, О. Мені есіңе ала жүр / Жүнісұлы О. Қарағанды: «Қарағанды Полиграфиясы» АҚ, 2005. – 7 б.

4. Бейісов, Ж. Қалам менің Балқашым – мыс шаһары  // Балқаш өңірі. – 2006. – 15 желтоқсан.

5. Башарұлы, Ж. Өндіріс баһадүрі 82 жаста // Балқаш өңірі. – 2007.  - 16 қаңтар.

6. Башарұлы, Ж. Қалам менің Балқашым – мыс шаһары // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.

7. Айтжанұлы, Қ. Халықтың ырысы – Балқаш мысы // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.

8. Башарұлы, Ж. Ақпарат айдынында / Башарұлы Ж. Арко, 2007. –  17-20 б.

9. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 194,199-201 б.

10. Қажытай , А. Тәуелсіздік – Тәңірдің берген сыйы  // Балқаш өңірі. – 2011. – 16 наурыз.

11. Жүнісұлы, О. Сен киелісің, Балқашым  // Орталық Қазақстан.         


Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика