"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Сәметұлы Кәрім

Просмотров: 834

Сәметұлы Кәрім 

Сәметұлы Кәрім 1925 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет ауылында дүниеге келген. Әкесі Сәмет «Халық жауы» есебінде 1937 жылы ұсталған соң Кәрім Сәметұлының балалық шағы қиыншылықта өтеді. Жетіжылдық мектептен білім алып шыққанша үш рет оқудан шығарылады. Оқудан бірде шығарылып, бірде жалғастырып жүріп жетінші сыныпты тәмамдайды.

1942 жылы 17 жасар жасөспірім ФЗО-да алты ай оқып, эксковаторшы мамандығын алып шығады. Осы жылдары талапты әрі жас маман әртүрлі өнер, техника саласымен шұғылданады. Отбасылық ауыр тұрмысын жеңілдету мақсатымен 1942 жылы Балқаш қаласының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасады. Алғашқы кезеңде машинист-эксковаторшының көмекшісі, кейін 1945 жылы жеке машинист-эксковаторшы болып тағайындалып жан аямай еңбек етеді.

Кәрім Сәметұлы аянбай қызмет істеп, озаттардың озаты болып көптеген мадақтауларға ие болады. 1945 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады. 1967 жылы Балқаш-кен металлургия комбинатының нөмір бірінші ардагері және «Құрметті кенші» атанып, Бүкілодақтық Металлургия Министрлігінің төсбелгісімен марапатталады. КСРО Түсті Металлургия Министрлігі және Металл Өнеркәсібі Орталық Кәсіподақ Комитетінің біріккен қаулысымен 1967 жылы «Ұлы Отан соғысына 20 жыл» және кейінен осы тарихи оқиғаның 30, 40 жылдық медалдарын да иеленеді. 1970 жылы «Лениннің 100 жылдық» медалі, 1979 жылы «Еңбек даңқы» орденінің

111-дәрежесімен марапатталады. Жоғары үкімет орындарынан 15 рет мақтау қағазын алып, бірнеше дүркін «Коммунистік еңбек екпіндісі» атанады.

Кәрім Сәметұлы үздік машинист-эксковаторшы болған жылдары 16 шәкірт тәрбиелеген. Шәкірттері Монғолия, Ливия мемлекеттерінде құрылыста қызмет істеп «Халықаралық дәрежедегі машинист-эксковаторшы» атанады. Осындай жастарды еңбекке баулып, Отансүйгіштік рухта тәрбиелегені үшін «Еңбек сіңірген тәлімгер» атанады. Тек өндірістік жұмыспен ғана айналыспай түрлі қоғамдық жұмыстарға да атсалыса білді. Қарағанды облыстық және Балқаш қалалық соттарында халықтық сайлау арқылы «Халық сотының сайланбалы мүшесі» болады.

Кәрім Сәметұлының бойында ақындық өнері де болған. Жас шағында осы өнерді алып жүруіне, ақын болып қалыптасуына өмір жолындағы тұрмыстық ауыртпалықтар мүмкіндік бермеген. Сөйтсе де 1947 жылдан бастап «Балқаш жұмысшысы» газетіне алғашқы өлеңдерін жариялай бастады. «Қоңырат», «Қош келдің, Май», «Солдат даңқы» атты өлеңдері қордағы газет беттерінен табылды. 1950 жылы Балқаш қалалық атқару комитеті «5 май - Баспасөз күніне» орай Кәрім Сәметұлын мақтау қағазымен марапаттаған.

1993 жылғы 20 қарашада Кәрім Сәметұлы өмірден озды.

 

 


Дата редактирования: 21 Маусым 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика