Манаенков Борис Федорович 1934 жылы Тамбов қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Балқаш қаласына 1936 жылы көшіп келеді. Борис Федорович мектепті үздік бітіріп, № 5 қолөнер училищесіне оқуға түседі. Училищені бітіргеннен кейін ол Түрлі түсті металдарды өңдеу зауытындағы автогаражға слесарь болып жұмысқа орналасады. Содан кейін Кеңес Армиясы қатарында қызметте болып, армиядан кейін, ол Балқаш қаласына оралып комбинаттың металлургиялық цехында монтаждаушы болып жұмыс істей бастайды.
Борис Федорович Манаенков 1960 жылы металлургиялық цехтың комсомолдық – жастар ауысымына балқытушы болып қабылданады. Осы жылдан бастап ол 30 жыл бойы өзі таңдаған мамандығы бойынша мыс балқыту цехында аға балқытушы болып адал еңбек етті.
Алғашқы мыс балқытудың 45 жылдық мерейтойының құрметі үшін Борис Федорович Манаенковтың мыс балқытушылар бригадасы «Әр жұмысшының жоғары сапалы жұмысы – ұжым еңбегінің социалистік жарыстағы тиімділігі жоғары табысының кепілі» деген ұранмен жұмыс істеп, бастама көтерді. Бригада 1983 жылғы жоспарын 100,7 пайызға, өнім өндіру нормасын 116,9 пайызға орындаған.
Борис Федорович Манаенков «Ленин», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Ол – КСРО-ның Құрметті металлургі, «КСРО түсті металлургия саласының социалистік жарысының үздігі» атақтарын алған. Борис Федорович Манаенков Балқаш мыс қорыту зауытында кеңестік кәсіподақтар сыйлығын алғаш алған лауреат болды және Мәскеу қаласында өткен КОКП-ның XXIV съезіне делегат болып қатысты.
Манаенков Борис Федорович 1994 жылы өмірден озды.